Freedom Finance Global сарапшылары Tesla өсімінің баяулауын болжайды
Биржалық жаңалықтар
6 April 2026, 18:40
Tesla Inc. (TSLA) компаниясының 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жеткізілімдері күткен нәтижеден төмен болды. Компания 358 мың электромобиль жеткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға көп, алайда консенсус-болжамдағы 380 мыңнан және Freedom Finance Global сарапшылары күткен 399 мың автомобильден төмен.
Сарапшылардың пікірінше, негізгі фактор — келісімшарттарды орындау мерзімдерінің жылжуы және кірісті тану уақытының өзгеруі. АҚШ нарығында ынталандыру шараларының жойылғанына қарамастан, сатылымдар тұрақты болып қалды, бірақ өсім шектеулі болды. Қытайда жеткізілімдер жылдық есеппен шамамен 24–36%-ға өсті, бұл Model 3 және Model Y модельдерінің модификацияларының кеңеюімен байланысты, дегенмен аймақтағы бәсекелестік жоғары деңгейде қалып отыр. Еуропада сатылымдар сәл төмендеді: қаңтарда Tesla электромобильдерінің тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға азайды, ал ақпанда өсім 11,8%-ды құрады.
Осы деректер аясында сарапшылар 2026 жылға арналған жеткізілім болжамын 1,76 млн бірліктен 1,69 млн бірлікке дейін төмендетті (+3,2% ж/ж). Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша күтілетін түсім $22,9 млрд-ты құрайды (+18,7% ж/ж), ал акцияға шаққандағы пайда (EPS) - бұрынғы $0,32 болжамымен салыстырғанда $0,23 деңгейінде.
Компанияның негізгі өсу драйверлері ретінде жаңа электрмобиль модельдерінің шығуы, АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі мүмкіндігі, сондай-ақ жасанды интеллектке негізделген өнімдердің нарыққа енгізілуі сақталуда. Негізгі тәуекелдер қатарына баға бәсекелестігінің күшеюі, нарықтағы үлестің жоғалуы, жаңа модельдер бойынша кешеуілдеу және ынталандырулардың жойылуы аясында сұраныстың төмендеуі жатады.
Freedom Finance Global сарапшылары TSLA акциялары бойынша мақсатты бағаны $440-тан $400-ге дейін төмендетіп, «Ұстау» ұсынымын сақтап қалды. Мақсатты баға еркін ақша ағынын пайдалана отырып, дисконтталған ақша ағындарының 5 жылдық моделі негізінде есептелген.