Freedom Finance Global сарапшылары АҚШ-та инфляцияның баяулауын күтуде
Биржалық жаңалықтар
10 сәуір 2026, 17:20
Freedom Finance Global сарапшылары нарықтағы жағдайға арналған екі апталық шолуында АҚШ-та ақпан айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыпты өсімін күтетінін және нарықтық күтулердің жоғары болуына қарамастан, инфляцияның күрт жеделдеу белгілерін байқамай отырғанын хабарлады.
Болжамға сәйкес, Федералдық резерв жүйесі бағдар ретінде пайдаланатын жеке тұтыну шығындарының баға индексі (PCE) айлық мәнде 0,27%-ға, ал базалық көрсеткіш 0,24%-ға өсуі мүмкін. Бұл айлық өсімді 0,4% деңгейінде күтетін нарықтық консенсустан төмен. Компанияның пікірінше, инфляцияның мұндай біршама ұстамды динамикасы ақша-кредит саясатын біртіндеп жұмсарту жөніндегі күтулерді қолдауы ықтимал.
Сарапшылар сондай‑ақ жеке табыстар мен шығыстар статистикасына назар аударып отыр. Халықтың табысы айлық мәнде 0,4%-ға артуы мүмкін, бұл нарықтың 0,3% деңгейіндегі болжамынан сәл жоғары. Ал шығыстардың, бағалаулар бойынша, бөлшек сауданың жоғары көрсеткіштері аясында айлық мәнде 0,6%-ға өсуі күтіледі.
Инвесторлардың қосымша назары АҚШ-тың төртінші тоқсандағы ЖІӨ‑нің қорытынды бағасына аумақ. Көрсеткіш жылдық мәнде 0,7% деңгейінде сақталып, экономиканың орнықтылығын растауы мүмкін.
Freedom Finance Global сарапшылары макроэкономикалық деректер жиынтығы АҚШ экономикасының қалыпты өсімі сақталып, инфляциялық қысымның біртіндеп төмендейтінін көрсетеді деп санайды. Бұл қаржы нарықтары үшін оң фактор болады.