FFG сарапшылары Geodrill компаниясының күшті нәтижелерін атап өтті
Биржалық жаңалықтар
14 April 2026, 16:40
Freedom Finance Global талдаушылары Оңтүстік Америка мен Батыс Африкадағы бизнестің кеңеюі аясында Geodrill Limited (GEO) компаниясының 2025 қаржы жылы қорытындысы бойынша мықты нәтижелерін атап өтеді.
Компанияның түсімі $184,9 млн-ға жетіп, жылдық есептеуде 29%-ға өсті және болжамдардан 8%-ға жоғары болды. Негізгі үлесті Чили мен Африкадағы жаңа жобалар мен флотты кеңейту қамтамасыз етті. Сонымен қатар компания $150 млн көлемінде ұзақмерзімді келісімшарттар жасасып, 2028 жылға дейін кірістердің жоғары көрінуін қамтамасыз етті.
Таза қаржылық нәтиже қысымға ұшырады. Компания $8,4 млн көлеміндегі салықтық есептеу мен Чилидегі операцияларды кеңейтуге байланысты шығындар салдарынан $1,9 млн таза шығын тіркеді. Біржолғы факторларды есепке алмағанда, негізгі бизнес тұрақты болып қалуда.
EBITDA маржасы шығындардың өсуі және персоналға кететін шығыстарға жаһандық қысым аясында 19%-ға дейін төмендеді. Компания ауқымын кеңейтуді жалғастырып, негізгі өңірлердегі қатысуын күшейтті, соның ішінде Сауд Арабиясы нарығына шықты.
Аналитиктердің пікірінше, мықты келісімшарттық база мен түсімнің жоғары көрінуі орта мерзімді өсімге негіз қалыптастырады. Негізгі драйвер кеңею кезеңі аяқталғаннан кейін пайданың қалыпқа келуімен байланысты. Сондай‑ақ сарапшылар компания бурғылау мердігерлері секторына қатысты дисконтпен саудаланып жатқанын атап өтеді. Бұл аналогтармен салыстырғандағы бағаланбауды және маржиналдылықты қалпына келтіру әлеуетін көрсетеді.
Geodrill Limited — тау‑кен компанияларына барлау бұрғылау қызметтерін көрсететін халықаралық компания. Ол Батыс және Солтүстік Африкада, сондай-ақ Оңтүстік Америкада және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бизнес алтын мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіруді қолдауға бағытталған.