16 сәуірде PepsiCo Inc. (NYSE: PEP) компаниясы I тоқсан қорытындысы бойынша $2,33 млрд мөлшерінде таза пайда тапқанын хабарлады (бір акцияға $1,70). Бұл бір жыл бұрынғы $1,83 млрд немесе бір акцияға $1,33 көрсеткішпен салыстырғанда жоғары. Операциялық пайда бір акцияға $1,61 болды. Есепті кезеңдегі түсім $17,92 млрд-тан $19,44 млрд-қа дейін өсті. Алайда Солтүстік Америкадағы түсім 1%-ға төмендеді. Нарық күтімі бір акцияға $1,55 пайда және $18,94 млрд түсім деңгейінде болған.
PepsiCo 2026 қаржы жылына арналған болжамын растады: компания органикалық түсімнің 2–4%-ға өсуін және тұрақты валютада есептегендегі базалық пайдасының бір акцияға шаққанда 4–6%-ға артуын күтуде. 2026 жылы PepsiCo акционерлерге шамамен $8,9 млрд қайтаруды жоспарлап отыр. Оның ішінде $7,9 млрд дивидендтер түрінде, ал $1,0 млрд акцияларды кері сатып алу бағдарламасы аясында қайтарылады. Сонымен қатар, 2026 жылдың маусымынан бастап дивиденд мөлшері 4%-ға арттырылады.