АҚШ қор нарығы сауда күнін төмендеумен аяқтады

Биржалық жаңалықтар

24 сәуір 2026, 01:35

Кеше S&P 500 және Nasdaq Composite индекстері жабылу барысында тарихи максимумдарға жеткен болатын. Бүгін олар да қысқа уақытқа жаңа рекордтық деңгейлерге көтерілді, алайда бұл деңгейді ұстап тұра алмай, сауда сессиясын төмендеумен аяқтады. Бүгінгі күні бірқатар геосаяси жаңалықтар нарықты бірнеше рет алаңдатты, дегенмен жалпы алғанда бұл индекстердің қалыпты түзетілуімен сипатталған сессия болды. Сауданың ашылу динамикасы кеше биржа жабылғаннан кейін жарияланған компаниялардың кіріс туралы есептеріне инвесторлардың әртүрлі реакцияларымен анықталды. Ең жоғары құбылмалылық ақпараттық технологиялар секторында байқалды - сектор индексі 1,5%-ға төмендеді. Қорытындысында негізгі индекстер 0,4%-дан 0,9%-ға дейін жоғалтты.

 Нарықтағы жалпы төмендеу аясында коммуналдық қызметтер (+2,8%), өнеркәсіп (+1,8%), күнделікті тұтыну тауарлары (+1,7%) және жылжымайтын мүлік (+1,3%) секторлары айтарлықтай пайыздық өсім көрсетті. Күннің екінші жартысында Иран парламенті спикерінің отставкасы және ирандық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің қарсылас нысандарға оқ атып жатқаны туралы хабарламаларға байланысты нарық «ауа қалтасына» түсті. Кейінірек бұл екі ақпарат та теріске шығарылды, соның арқасында индекстер бастапқы жаңалықтардан кейінгі жаппай сатылым салдарынан болған шығындардың басым бөлігін қалпына келтіре алды.

Алайда мегакапитализациялы компаниялардың әлсіз нәтижелері мен геосаяси жағдайдың ықтимал өзгерістеріне қатысты алаңдаушылықтар индекстердің толық қалпына келуіне кедергі келтірді.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!