Freedom Broker: Southwest Airlines акцияларының өсу әлеуеті шамамен 50% құрайды

Биржалық жаңалықтар

24 сәуір 2026, 17:54

Southwest Airlines - АҚШ-тағы ең ірі әуе компанияларының бірі, негізінен ішкі әуе тасымалдарына маманданған. Freedom Broker талдаушысының пікірінше, компания акцияларының ағымдағы бағасымен салыстырғандағы өсу әлеуеті 47%-дан асады.

Southwest Airlines (LUV) 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша күшті қаржылық нәтижелерін ұсынды. Компанияның түсімі жылдық мәнде 12,8%-ға өсіп, $7,2 млрд-қа жетті, ал таза пайдасы $227 млн болды (өткен жылы осы кезеңде шығын тіркелген). Қосымша оң сигнал ретінде операциялық маржаның 4,6%-ға дейін кеңеюі аталды — 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш теріс аймақта болған еді. Компания тоқсандық рекордтық түсімге қол жеткізіп, қайтадан табыстылыққа шықты және авиаотын бағасының өсуіне қарамастан, операциялық маржаны айтарлықтай жақсарта алды.

Осы аяда Freedom Broker талдаушысы Сергей Глинянов Southwest Airlines акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын сақтап қалды және мақсатты бағаны $58 деңгейінде белгіледі (ағымдағы баға - шамамен $39,4). Талдаушының бағалауынша, нәтижелердің жақсаруы компанияның жаңа коммерциялық стратегиясының арқасында мүмкін болды. Southwest тарифтерді сегментациялауды, аяққа арналған кеңістігі ұлғайтылған орындарды және Rapid Rewards адалдық бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді. Қазіргі таңда жолаушылардың шамамен 60%-ы негізгі тарифтен жоғары өнімдерді таңдайды, бұл бір клиентке шаққандағы орташа түсімді арттырып, кірістер құрылымын жақсартуға ықпал етуде.

Акцияларға қосымша қолдауды күшті еркін ақша ағыны мен капиталды акционерлерге қайтару қамтамасыз етіп отыр. Тоқсан ішінде компания дивидендтер мен акцияларды кері сатып алуға $1,3 млрд-тан астам қаржы бағыттады, сонымен қатар баланстың тұрақтылығын сақтап, қарыз жүктемесін төмендетуді жалғастырды.

Southwest Airlines төмен шығынды бизнес-моделімен, брендінің жоғары танымалдылығымен және ел ішіндегі ең ауқымды маршруттық желілердің бірімен танымал. Соңғы жылдары компания өнімін белсенді түрде жаңғыртып, табыстылығы жоғары жолаушылар сегменттерінің үлесін арттыруға басымдық беріп келеді.

Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!