Freedom Broker: United Airlines өсім әлеуеті 36%-дан жоғары

Биржалық жаңалықтар

24 сәуір 2026, 18:49

Freedom Broker талдаушылары United Airlines акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын сақтап, мақсатты бағасын $125-ке дейін төмендетті. Компания әлемдегі ең ірі әуе тасымалдаушылардың қатарына жатады және АҚШ, Еуропа, Азия және Латын Америкасы бағыттары бойынша рейстер орындайды.

United Airlines Holdings (UAL) 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелерін ұсынып, түсім мен түзетілген пайда бойынша нарық күтулерінен сәл жоғары көрсеткіш көрсетті. Компанияның түсімі жылдық мәнде 10,6%-ға өсіп, $14,6 млрд-ты құрады, бұл консенсус-болжамнан шамамен 10,4%-ға жоғары. Түзетілген сұйылтылған пайда бір акцияға $1,19 болды, жылдық мәнде 30,8%-ға артып, нарықтың күтулерінен асып түсті. Тоқсан қорытындысы бойынша United Airlines $2,9 млрд көлемінде еркін ақшалай ағын қалыптастырып, бұл қаражатты борыштық жүктемені $3 млрд-тан астам сомаға қысқартуға бағыттады.

Осы орайда Freedom Broker талдаушысы Сергей Глиняновтың пікірінше, акциялардың қазіргі бағасы шамамен $91,7 деңгейінде болған жағдайда, олардың өсу әлеуеті 36%-дан асады. Сарапшы компанияның баға саясатының мықты сақталып отырғанын атап өтті: тарифтердің өсуі мен премиум қызметтерге деген жоғары сұраныс жанармай құнының қымбаттауын өтеуге мүмкіндік беріп отыр. Оның бағалауынша, баланстың жақсаруы және неғұрлым табысты бағыттарға назар аудару алдағы жылдары бизнестің маржиналдылығының өсуіне негіз қалайды. Нәтижелерге қосымша қолдауды MileagePlus адалдық бағдарламасы мен корпоративтік клиенттер тарапынан тұрақты сұраныс көрсетіп отыр.

United Airlines премиум сервистерді, халықаралық маршруттық желіні және MileagePlus адалдық бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді. Компания сондай-ақ әуе паркін ауқымды жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр, бұл ұзақ мерзімді перспективада тиімділікті арттырып, шығындарды азайтуы тиіс.

Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!