United Rentals - Солтүстік Америкадағы құрылыс және өнеркәсіптік техниканы жалға берумен айналысатын ең ірі компания. Freedom Broker алдағы тоқсандарда United Rentals акцияларының оң динамикасы сақталады деп күтеді.
United Rentals (URI) акциялары шамамен 23%-ға қымбаттады, себебі компанияның қаржылық есептілігі нарық күткеннен асып түсті, ал менеджмент жылдық түсім бойынша болжамды көтерді.
Freedom Broker талдаушысы Владимир Черновтың айтуынша, бір акцияға шаққандағы пайда $9,71 болды, бұл консенсус-болжамнан ($8,95) шамамен 8%-дан астам жоғары. Қосымша оң сигнал ретінде жылдық түсім болжамының $16,9–17,4 млрд диапазонына дейін жоғарылауы аталды, бұл компания қызмет ететін негізгі нарықтарда сұраныстың тұрақты екенін растайды.
Талдаушының бағалауынша, өсуінің негізгі драйверлері ретінде тұрғын емес құрылыс, энергетика және тау-кен өнеркәсібі сегменттері қалып отыр. Бизнесті қолдайтын қосымша факторлардың бірі - 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатына дайындық болуы мүмкін. Бұл іс-шара ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстарды жүргізуді және құрылыс белсенділігін арттыруды талап етеді.
Компания котировкаларын инфрақұрылымдық жобаларға арналған жабдықтарға жоғары сұраныс, деректерді өңдеу орталықтарының құрылысы, сондай-ақ бизнестің келесі өсу кезеңіне айналуы мүмкін M&A мәмілелері де қолдап отырады.
United Rentals құрылыс, энергетика, өнеркәсіп және инфрақұрылымдық жобаларға қызмет көрсетіп, жабдықтардың кең паркін және ілеспе сервистерді ұсынады. Бизнестің ауқымы мен клиенттік базаның жоғары деңгейде әртараптандырылуы United Rentals‑ты саланың негізгі ойыншыларының біріне айналдырады.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.