Freedom Broker: BlackRock акциясының өсу әлеуеті 28%-дан асады
Биржалық жаңалықтар
27 сәуір 2026, 16:24
BlackRock (BLK) - әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы компания әрі iShares бренді арқылы жаһандық ETF нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі. BlackRock 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша мықты қаржылық нәтижелерді жариялады: акцияға шаққандағы пайда $12,53‑ті құрап, талдаушылар болжамынан 8%-ға жоғары болды, ал түсім $6,7 млрд‑қа дейін өсіп, жылдық мәнде 27%-ға артты. Нәтижелерге капиталдың тұрақты таза ағымы және нарықтағы құбылмалылық жағдайында бизнестің жоғары тұрақтылығы қолдау көрсетті.
Freedom Broker талдаушылары BlackRock акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын растады және мақсатты бағасын $1 364 деңгейіне дейін қайта қарады. Қазіргі шамамен $1 053 бағамен салыстырғанда, акциялардың өсу әлеуеті 28%-дан асады. Сарапшылардың атап өтуінше, негізгі драйвер - клиент қаражатының ауқымды ағыны: тоқсан ішінде таза ағын көлемі $130 млрд‑ты құрады, ал басқарудағы активтер рекордтық $13,9 трлн деңгейіне жетіп, жылдық мәнде 39%-ға өсті.
Компанияға қосымша қолдауды жоғары маржалы бағыттардың өсуі қамтамасыз етіп отыр. Альтернативті инвестициялар сегментіндегі позициялар екі активті — Global Infrastructure Partners (GIP) инвестициялық қоры мен HPS Investment Partners (HPS) инвестициялық компаниясын - біріктіру есебінен нығаюда.
Сонымен қатар, Aladdin инвестициялық платформасын дамыту және оған Preqin провайдерінің деректерін кіріктіру жұмыстары жалғасуда. Талдаушылардың бағалауынша, бұл компанияның ұзақмерзімді инвестициялық кейсін күшейтеді.
BlackRock әлем бойынша институционалдық және жеке инвесторлардың, зейнетақы қорларының және мемлекеттік әл-ауқат қорларының активтерін басқарады. Сондай‑ақ, BlackRock альтернативті инвестициялар, деректерді талдау және қаржылық технологиялар бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.