Freedom Broker: Tesla акцияларының мақсатты бағасы $400 құрайды

Биржалық жаңалықтар

27 сәуір 2026, 16:26

Tesla (TSLA) – әлемдегі электромобильдердің ең ірі өндірушісі әрі аккумуляторлық шешімдер нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компания сондай-ақ автономды көлік, робототехника және энергияны сақтау жүйелері бағыттарын дамытып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанында компания табыс пен түзетілген пайда бойынша нарықтың консенсус-болжамынан асып түсті, алайда көрсеткіштер Freedom Broker талдаушыларының күтулерінен сәл төмен болды.

Tesla‑ның тоқсандық түсімі жылдық есепте 15,8%-ға өсіп, $22,4 млрд-қа жетті. Бірінші тоқсандағы таза пайда $0,48 млрд-ты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға жоғары, алайда Freedom Broker бағалаған $0,56 млрд деңгейінен төмен болды. Бір акцияға шаққандағы түзетілген пайда $0,41 болды, ал нарықтың консенсус-күтілімі $0,35 деңгейінде қалыптасқан еді.

Freedom Broker талдаушысы Дмитрий Поздняков Tesla акциялары бойынша «Ұстау» ұсынымын және мақсатты бағаны $400 деңгейінде сақтап қалды. Акциялардың ағымдағы бағасы шамамен $373,7 болған жағдайда, өсу әлеуеті шамамен 7%-ды құрайды.

Сарапшы компанияның жоғары капиталдық шығындары нарық үшін оң белгі болғанын атап өтті. Tesla 2026 жылы инвестиция көлемін $20 млрд-қа дейін жеткізу жоспарын растады, бұл өткен жылғы $8,5 млрд-пен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұл қаражат автокөлік өндірісін кеңейтуге, Cybercab және Semi жобаларын іске қосуға, Optimus роботтарын жаппай өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ, Техас штатында Megapack аккумуляторларын шығаратын зауыт салуға бағытталатын болады.

Freedom Broker‑де Tesla акцияларына қысымды операциялық маржаның 4,2%-ға дейін төмендеуі, шығындардың өсуі және мемлекеттік ынталандырулардың қысқартылуынан кейін АҚШ пен Еуропада электромобильдерге сұраныстың әлсіреуі сақтап отырғанын атап өтеді. Талдаушының бағалауынша, мұндай жағдайда ұзақмерзімді өсу драйверлеріне қарамастан, акциялардың қайта бағалану әлеуеті шектеулі болып қалады.

Бұл жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!