Freedom Broker сәуірде металл нарығына талдау жасады

Биржалық жаңалықтар

27 April 2026, 17:00

Сектор компаниялары қаржылық есептерін жақсы көрсетті, алайда олардың алдағы өсуі энергия тасымалдаушылардың бағасына байланысты болмақ. Freedom Broker талдаушылары мұнайдың қымбаттауы темір рудасын, мысты және алтынды өндіру шығындарының өсуіне алып келетінін атап өтті. Дегенмен жасанды интеллекттің дамуы мен технологиялық компаниялардың IPO-лары металдар нарығына қолдау көрсетуі мүмкін.

Freedom Broker талдаушылары сәуір айында металдардың бағасына сұраныс пен ұсыныс емес, энергия тасымалдаушылардың жоғары бағасы әсер еткенін айтады. Мұнай бағасының өсуі өндірудің өзіндік құнына қысымды күшейтіп, сонымен қатар жаһандық экономиканың баяулауына байланысты сұранысты тежеді. Сектор үшін қосымша тәуекел ретінде Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуы және соған байланысты логистикадағы іркілістер аталды.

Freedom Broker талдаушылары энергия тасымалдаушылардағы шоктың саладағы ірі компаниялардың қаржылық нәтижелерінен көрініс тауып отырғанын атап өтеді. Alcoa және Freeport‑McMoRan компанияларының есептері жоғары метал бағаларының қолдауымен рентабельділіктің тұрақты екенін көрсеткенімен, алдағы кезеңде шығындардың өсуі табыстың одан әрі артуын шектеуі мүмкін. Сарапшылардың бағалауынша, мұнай бағасының 10%-ға қымбаттауы темір рудасын өндіру шығындарын шамамен 4,2%-ға, мыстыкі - 3,5%-ға және алтындыкі - 2%-ға арттырады.

Сұраныстың ең айқын әлсіреуі қара металлургияда байқалып отыр. World Steel Association 2026 жылға арналған әлемдік болатқа сұраныс өсімінің болжамын 1,3%-дан 0,3%-ға дейін төмендетті. Ал Қытайда құрылыс пен жылжымайтын мүлік секторындағы дағдарыс аясында тұтыну көлемі 1,5%-ға қысқарады деп  күтілуде.Сонымен қатар мыс нарығын өңдеу қуаттары мен күкірт қышқылы жеткізілімінің шектелуіне қатысты алаңдаушылықтар қолдап отыр, бұл әсіресе Чилидегі өндірушілер үшін маңызды фактор болып табылады.

Freedom Broker-де ұзақмерзімді перспективада нарыққа құрылымдық драйверлер - жасанды интеллект инфрақұрылымының дамуы және технологиялық компаниялардың ірі IPO-ларының күтілетін толқыны қолдау көрсетуі мүмкін деп санайды. Деректер орталықтары мен энергетикалық инфрақұрылымның өсуі мысқа, алюминийге және басқа да өнеркәсіптік металдарға сұранысты арттыруы ықтимал.

Бұл жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!