Freedom Broker: NioCorp акцияларының өсу әлеуеті 50%-дан асады

Биржалық жаңалықтар

27 сәуір 2026, 22:09

NioCorp Developments (NB) металлургия, қорғаныс өнеркәсібі және жоғары технологиялық өндіріс үшін қажетті аса маңызды металдарды өндіруге маманданған. Freedom Broker талдаушысы компания акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын және бір акцияға $8,7 деңгейіндегі мақсатты бағаны растады. Қазіргі бағасы шамамен $5,7 болған жағдайда, өсу әлеуеті 50%-дан асады.

NioCorp 2026 жылға арналған мақсаттарға жету жолындағы ілгерілеу туралы хабарлады. Компания жерасты өндіруге негізгі қолжетімділікті қамтамасыз ететін құны $44,6 млн болатын шахталық порталдың құрылысын бастады, $100 млн көлемінде акцияларды жария түрде сәтті орналастырды, сондай‑ақ Traxys North America компаниясымен оффтейк пен маркетингке қатысты міндеттемесі жоқ келісімге қол қойды.

NioCorp Небраска штатындағы Elk Creek жобасын дамытудағы шешуші кезеңге көшіп отыр. Жоба ниобий, скандий, титан және сирек жер элементтерін өндіруге бағытталған. Бұл металдарға АҚШ экономикасындағы өнеркәсіптік және технологиялық трансформация аясында сұраныс артып келеді.

Freedom Broker талдаушысы Виталий Кононов соңғы корпоративтік және салалық оқиғалар жобаның құрылыс кезеңіндегі тәуекелдерді төмендетіп, болашақ өндірістің коммерциялық айқындығын күшейтіп отырғанын атап өтті. Компанияға қосымша қолдауды Небраска штатының жаңартылған салықтық ынталандыру бағдарламасы көрсетіп отыр, ол алдағы он жыл ішінде шамамен $200 млн көлемінде жеңілдіктер беруі мүмкін.

Freedom Broker сарапшыларының пікірінше, акцияларды қайта бағалауға келесі драйвер ретінде жобаның жаңартылған техникалық-экономикалық негіздемесінің жариялануы ықтимал, ал ауқымды құрылысқа өту жолындағы басты қадам -түпкілікті қарыздық қаржыландыруды алу болмақ.


Бұл жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!