АҚШ нарығы жасанды интеллект секторы мен чип өндірушілердің есебінен өсіп жатыр - сарапшылар

Биржалық жаңалықтар

29 сәуір 2026, 19:20

2026 жылы АҚШ қор нарығындағы ралли негізінен жасанды интеллект пен жартылай өткізгіштер секторында шоғырланған күйінде қалып отыр, ал кең нарық анағұрлым ұстамды динамиканы көрсетуде. Мұндай қорытындыға Freedom Broker талдаушылары АҚШ нарығына арналған апталық шолуында келді.

Шолуда көрсетілгендей, жыл басынан бері негізгі өсім драйвері жасанды интеллект инфрақұрылымымен байланысты компаниялар болып отыр. Олардың қатарында чип өндірушілер мен есептеу қуаттарын жеткізушілер бар. Талдаушылар бұл сегменттегі акциялардың өсімі сәуір айының басынан бері күшейгенін атап өтеді: көптеген қағаздар 20%-дан астам қымбаттады.

Тұрақты сұраныстың қосымша дәлелі ретінде VanEck Semiconductor ETF жартылай өткізгіштер ETF-інің өсуі аталады, ол тарихи максимумдарын жаңартуды жалғастырып келеді. Freedom Broker пікірінше, сектордың қазіргі динамикасы фундаменталды факторлармен негізделген және спекулятивті «көпіршік» белгілерін көрсетпейді.

Секторға қолдау ірі технологиялық компаниялардың жасанды интеллект инфрақұрылымына жұмсайтын шығындарының әрі қарай өсетіні жөніндегі күтулер есебінен көрсетілуде. Инвесторлардың назарында Microsoft (MSFT), Amazon (AMZN), Alphabet (GOOGL) және Meta Platforms (META) сияқты бигтех компаниялардың капиталыдық шығындары қалып отыр. Талдаушылардың бағалауынша, AI-инфрақұрылымды кеңейту аясында бұл компаниялардың жиынтық инвестициялары алдағы жылдары өсуін жалғастырады.

Сонымен қатар, нарықтағы өсім әлі де тар ауқымды болып отыр. Шолуда 50 күндік жылжымалы орташа мәндерінен жоғары саудаланып жатқан акциялардың үлесі салыстырмалы түрде төмен екені атап өтілген, бұл ағымдағы раллиге кең нарықтың қатысуы шектеулі екенін көрсетеді.

Талдаушылар сондай-ақ америкалық акциялардағы жүйелік қорлардың позициялары қалпына келе бастағанын және нарықтық көңіл күйдің жақсарғанын атап өтті. Дегенмен, олардың бағалауынша, инвесторлар әзірге сақтықты сақтап отыр, ал ағымдағы сентимент әлі де эйфориядан алыс.

Freedom Broker АҚШ-тағы ірі технологиялық компаниялардың есеп беру маусымының жалғасуы аясында жасанды интеллект пен жартылай өткізгіштер секторына деген қызығушылық сақталады деп күтеді.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!