Freedom Broker: Bullish-тің Mezo-ға инвестициялары компанияның Bitcoin экожүйесіне деген ставкасын күшейтеді
Биржалық жаңалықтар
29 сәуір 2026, 20:33
Bullish (BLSH) Mezo Prime қаржылық платформасына 250 BTC немесе шамамен $19,2 млн көлемінде инвестиция салды. Bullish институционалдық бағыттағы ең ірі криптобиржалардың бірін басқарады және цифрлық активтер саудасына арналған инфрақұрылымды дамытып келеді. Бұл жаңалық компанияның Bitcoin айналасындағы сервистер экожүйесін кеңейтуге ұмтылысы аясында инвесторлар үшін қосымша оң белгі болуы мүмкін.
Freedom Finance Global талдаушысы Владимир Черновтың пікірінше, бұл мәміле қаражатты сақтау бақылауын жоғалтпай, Bitcoin-активтерінен табыс алу құралдарына институционалдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын көрсететін маңызды индикатор болып табылады. Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 1% қосқан Bullish акциялары үшін бұл жаңалық орташа деңгейдегі оң драйвер бола алады.
Mezo Prime - Anchorage Digital Bank-та сақталатын биткоиндар бойынша институционалдық инвесторларға табыс алуға мүмкіндік беретін синтетикалық хранилищелер. Мұндай инвестициялау тәсілі қазіргі кезде ерекше өзекті, себебі компаниялардың балансында 1 млн-нан астам BTC бар және олар іс жүзінде табыс әкелу үшін пайдаланылмай отыр.
Талдаушының пікірінше, Bullish-тің бұл инвестициясы компанияның Bitcoin айналасында сервистік экожүйені дамыту және цифрлық активтердің институционалдық нарығындағы позицияларын нығайтуға бағытталған ұзақмерзімді стратегиясын растайды. Корпоративтік клиенттер тарапынан қызығушылық артқан жағдайда, мұндай шешімдер компания үшін жаңа түсім көздеріне айналуы мүмкін.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.