Freedom Finance Global: «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының өсу әлеуеті күшті раллиден кейін шектеулі

Биржалық жаңалықтар

4 мамыр 2026, 14:40

Ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» (KZAP) уранға әлемдік сұраныстың артуынан пайда көретін негізгі бенефициарлардың бірі болып қала береді. Алайда Freedom Finance Global талдаушыларының пікірінше, акциялардың ағымдағы бағалануы оң күтулердің басым бөлігін қамтып отыр.

Freedom Finance Global компанияға талдамалық қамтуды «Ұстап тұру» ұсынымымен және бір акция үшін 35,0 мың теңге көлеміндегі мақсатты бағамен бастады. Бұл ағымдағы 39 999 теңге деңгейімен салыстырғанда шамамен 11% төмендеу әлеуетін білдіреді.

«Қазатомөнеркәсіп» табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі өндіруші болып табылады және жалпы негізде әлемдік өндірістің шамамен 40%-ын бақылайды. Компанияны Қытайда жаңа атомдық реакторлардың салынуы, Жапонияда АЭС-тердің қайта іске қосылуы, сондай-ақ деректер орталықтары мен жасанды интеллект технологиялары тарапынан энергия тұтынудың артуы аясындағы тұрақты сұраныс қолдап отыр.

Сонымен қатар, талдаушылар акциялардың өсу әлеуетін шектейтін бірқатар факторларды атап өтеді. 2026 жылдан бастап Қазақстанда өндіруші компаниялар үшін жаңа салық салу жүйесі күшіне енеді. «Қазатомөнеркәсіп» үшін бұл салық жүктемесінің артуын білдіреді, ал бұл жыл сайынғы шығындардың 50–60 млрд теңгеге дейін өсуіне әкелуі мүмкін.

Қосымша қысымды уран өндіруде пайдаланылатын күкірт қышқылы бағасының қымбаттауы да түсіріп отыр. Соңғы жылдары компанияның шығындары айтарлықтай өсті.

Тағы бір фактор - баға белгілеудің айтарлықтай өсуі. Соңғы бір жыл ішінде «Қазатомөнеркәсіп» акциялары шамамен 17 000 теңге деңгейінен 39 999 теңгеге дейін көтеріліп, екі еседен астам өсті. Freedom Finance Global талдаушыларының пікірінше, мұндай өсім уран нарығындағы оң сценарийдің едәуір бөлігін бағаға қазірдің өзінде енгізіп қойды.

Сонымен қатар компания өндірудің төмен өзіндік құны мен ауқымды ресурс базасының арқасында мықты позициясын сақтап отыр. Өсу драйверлерінің бірі ретінде Буденовское кен орнында өндіру көлемін кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігі аталады.

«Қазатомөнеркәсіп» - Қазақстанның ұлттық атом компаниясы және табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі өндіруші. Компания уран өндірумен айналысады, ядролық отынды қайта өңдеуді және сирек металдар өндірісін дамытады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында және Лондон қор биржасында айналымда саудаланады.

Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!