Freedom Finance Global: Exxon Mobil акциялары қайта бағаланған болып көрінеді

Биржалық жаңалықтар

4 мамыр 2026, 16:00

Мұнай-газ алыбы Exxon Mobil Corp. (XOM) 2026 жылдың бірінші тоқсанында пайдасын қысқартқанымен, нарықтың күтулерінен асып түсті. Сонымен қатар, Freedom Finance Global талдаушылары компанияның борыштық жүктемесінің өсуі және акцияларды кері сатып алудың ірі көлемі бірқатар сұрақтар туындататынын атап өтеді.

Exxon Mobil компаниясының түзетілген пайдасы $4,9 млрд болды, бұл бір жыл бұрынғы $7,7 млрд көрсеткіштен төмен. Бір акцияға шаққандағы пайда $1,16 деңгейіне жетіп, нарықтық болжамдардан жоғары болды. Түсім мұнай өнімдері бағасының жоғарылауына байланысты жылдық салыстыруда 2,6%-ға өсіп, $83,2 млрд-қа жетті.

Көмірсутектер өндіру көлемі 0,9%-ға артып, тәулігіне 4,59 млн баррель мұнай баламасын құрады. Негізгі драйверлердің бірі Гайана болып қала береді, бұл өңірде өндіріс тәулігіне 900 мың баррельден асты. Компания алдағы жылдары өңірдегі жобаларды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Түсімнің өсуіне қарамастан, нәтижелерге шығындардың артуы және мұнай өңдеу сегментіндегі әлсіз динамика қысым көрсетті. Мұнай өнімдерін өңдеу және сату сегменті тоқсанды $556 млн көлеміндегі шығынмен аяқтады, ал бір жыл бұрын бұл сегмент $827 млн пайда көрсеткен еді.

Freedom Finance Global талдаушылары компанияның таза қарызының өсуіне назар аударады. Тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш $6,4 млрд-қа арттып, $39,2 млрд-қа жетті. Сонымен қатар, Exxon Mobil акцияларды кері сатып алуға $4,9 млрд бағыттады. Сарапшылар мұндай стратегияны екіұшты деп бағалайды, себебі компания қарызды ұлғайта отырып, соңғы бір жылда котировкалар едәуір өскеннен кейін де акцияларды кері сатып алуды жалғастырып келеді.

Компания сондай-ақ, тоқсандық дивидендті бір акцияға $1,03 деңгейінде сақтап қалды. Дивидендтік кірістілік жылдық шамамен 3%-ды құрайды. Freedom Finance Global талдаушыларының бағалауынша, Exxon Mobil акциялары 2026 жылғы максимумдарынан шамамен 10% түзетуге қарамастан, әділ құнынан жоғары бағаланып отыр.

Exxon Mobil - әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі. Компания мұнай мен газды барлау және өндірумен, өңдеумен, отын сатумен және мұнай-химия бизнесін дамытумен айналысады. Exxon Mobil 60-тан астам елде жұмыс істейді.

Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55 Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  * Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!