Freedom Finance Global PLPC бойынша таргетті $372 дейін арттырды
Биржалық жаңалықтар
4 мамыр 2026, 16:40
Энергожүйелерді әзірлеуші Preformed Line Products Company (PLPC) 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша есеп беріп, түсімінің жылдық салыстыруда 19%-ға өсіп, $176,3 млн-ға жеткенін хабарлады. Freedom Finance Global талдаушыларының пікірінше, компания АҚШ-тағы энергетика және телекоммуникация секторлары тарапынан жоғары сұраныс аясында мықты динамиканы сақтап отыр.
Өсімнің негізгі драйвері энергетика сегменті болды. Бұл сегменттегі сатылымдар 22%-ға артып, $125,2 млн-ды құрады. АҚШ-та энергетикалық инфрақұрылымға арналған өнімдерді сату 41%-ға өсті. Компания электр желілерін ауқымды жаңғырту бағдарламаларынан және энергия тұтынудың артуы аясындағы энергожүйелерге инвестициялардың өсуінен пайда көруде, соның ішінде деректер орталықтары мен жасанды интеллект саласындағы жобалар есебінен.
Коммуникациялық сегмент те тұрақты өсім көрсетті. Бұл бағыттағы түсім $42,3 млн-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артты. Өсімге талықты-оптикалық желілерге арналған шешімдерге деген сұраныс, сондай-ақ сатып алынған JAP Telecom компаниясының үлесі қолдау көрсетті.
Сатылым көлемінің өсуіне қарамастан, таза пайда $10,5 млн-ға немесе бір акцияға $2,14-ке дейін төмендеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш $11,5 млн немесе бір акцияға $2,33 болған. Қаржылық нәтижеге қысым көрсеткен негізгі факторлар - персоналға жұмсалатын шығындардың өсуі, салық төлемдері және шикізатқа жоғары шығындардың сақталуы.
Жалпы маржа алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 31,3%-ға дейін өсті, бұл талдаушылар тарапынан рентабельділіктің біртіндеп қалпына келе бастағанының белгісі ретінде қарастырылады. Алайда тарифтер, алюминий бағасының жоғары деңгейі және өндірістік шығындар тарапынан қысым сақталып отыр.
Саладағы жоғары сұраныс аясында Freedom Finance Global талдаушылары PLPC акциялары бойынша мақсатты бағаны $372-ге дейін көтеріп, ұсынымды «Сатып алу» деңгейінен «Ұстап тұру» деңгейіне төмендетті. Олардың бағалауынша, акция бағасының өсуінен кейін оң факторлардың едәуір бөлігі котировкаларда қазірдің өзінде ескерілген.
Preformed Line Products Company - электр желілік және телекоммуникациялық инфрақұрылымға арналған жабдықтар мен компоненттерді өндіретін америкалық компания. Компания әуе электр беру желілеріне, талшықты-оптикалық желілерге және сыртқы желілік инфрақұрылымға арналған шешімдерді жеткізеді, 20-дан астам елде жұмыс істейді.
Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.