Мұнай бағасының котировкалары геосаяси факторлардың ықпалында қалып отыр: соңғы бір апта ішінде WTI маркалы мұнай бағасы 8%-ға өсіп, баррелі $101,9 деңгейіне жетті. Freedom Broker талдаушылары жақын уақытта мұнай бағасына әсер ететін үш ықтимал сценарийді атап өтеді.
Мұнай құнына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - әлемдік мұнай саудасының маңызды бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы маңындағы жағдай болып қала береді.
Freedom Broker талдаушылары бағаның алдағы динамикасы өңірдегі геосаяси жағдайдың дамуына тікелей байланысты болатынын атап өтеді. Әскери қимылдар қайта жанданса, WTI маркалы мұнайдың котировкалары баррель үшін $110 деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Ал деэскалация сценарийі, керісінше, бағаның күрт төмендеуіне алып келуі ықтимал.
Сарапшылар сондай-ақ аралық сценарийді қарастырады - Ормуз бұғазының АҚШ пен Иран тарапынан «қос блокада» жағдайында қалуы. Бұл жағдайда жеткізілімдердің шектелуі мен логистикалық тәуекелдердің сақталуы аясында котировкалардың біртіндеп өсуі ықтимал деп бағаланады.
Нарыққа қосымша ықпал сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің өзгеруі арқылы да жасалуда. Қорлардың азаюы және экспорттың өсуі аясында АҚШ алғаш рет мұнайдың нетто-экспорттаушысына айналды, бұл Таяу Шығыстан жеткізілімдердің үзілу тәуекелдерін ішінара өтейді.
Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.