Регламенттің және оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі

Тұтынушыларға хабарландырулар

4 мамыр 2026, 17:08

Құрметті Клиент!

2026 жылғы 4 мамырдан бастап «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (бұдан әрі – «Компания») Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентінің (бұдан әрі – «Регламент»), сондай-ақ оған қосымшалардың жаңа редакциясы күшіне енеді.

Атап айтқанда, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  1. Регламенттің 4.2-тармағына клиенттің Компанияға ұсынылған құжаттар мен ақпараттың өзектілігін дербес мониторингтеу және жаңартылған деректерді уақтылы ұсыну жөніндегі міндеттемесін, сондай-ақ клиенттің жаңартылған мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Компанияда жауапкершіліктің жоқтығын көздейтін толықтыру енгізілді;
  2. 6.2-тармақ моделдік портфелдер үшін қолданылатын жеке веб парақша арқылы тапсырмаларды берудің қосымша тәсілін көздейтін e) тармақшамен толықтырылды;
  3. 6.8-тармаққа Компанияның қосымшасында push-хабарламалар арқылы жіберілетін бір рет қолданылатын OTP кодын пайдалана отырып, тапсырмаға қол қоюдың қосымша тәсілін көздейтін өзгерістер енгізілді, сондай-ақ мұндай қажеттілік туындаған жағдайда заңнамада тыйым салынбаған өзге де аутентификация және растау мүмкіндігі көзделген;
  4. Регламент 6.15-тармақпен толықтырылды, онда клиент үшін моделдік портфелдерді сатып алуға тапсырма беру мүмкіндігі және соған байланысты талаптар қамтылған;
  5. 18.1-тармаққа клиентке ақпарат беру тіліне қатысты өзгерістер енгізілді. Клиент АТЖ-ға тіркеуді жүзеге асыра алатын тілдердің санын ескере отырып, көрсетілген өзгерістер клиентке ақпарат клиенттің таңдауы бойынша тек қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде берілуі мүмкін екенін көздейді;
  6. 19.6-тармақта АХҚО заңнамасының талаптарына сәйкес Компанияның клиенттің дербес деректерін сақтау мерзімі үш жылдан алты жылға өзгертілді;
  7. Регламент 19.14-тармақпен толықтырылды, онда дербес деректерді өңдеу Компанияның Дербес деректерді өңдеу саясатының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
  8. Регламенттің мәтіні бойынша және Регламентке 4 қосымшаның 2.9-тармағына редакциялық сипаттағы түзетулер, сондай-ақ дұрыс аударма мен заң техникасын көрсету енгізілді;
  9. Регламентке 1А қосымша клиенттің Регламентке сәйкес оның дербес деректерін өңдеу тәртібіне қатысты келісім беруіне қатысты өзгерістер енгізілді;
  10. Регламентке 1В қосымша клиенттің Регламентке сәйкес оның дербес деректерін өңдеу тәртібіне қатысты келісім беруіне қатысты өзгерістер енгізілді;
  11. Регламентке 2В қосымшаға клиенттер үшін жеке тапсырма қосылды, ол онбординг кезінде брокерлік шот ашқан кезде білікті инвестор мәртебесін алу үшін толтырылады;
  12. Регламентке 6-қосымша («Мәмілелердің жекелеген түрлері»), онда мынадай ереже қайта өңделіп, нақтыланды:
  • овернайт РЕПО (D шоты) және РЕПО өнімдерін белгілі бір мерзімге пайдалану кезінде клиенттердің инвестициялық мақсаттары нақтыланды;
  • Компания мәмілелер бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдайтын бағалы қағаздардың өтімділік өлшемшарттары белгіленді және нақтыланды;
  • Компания РЕПО мәмілелерін жасасатын қарсы агенттерді іріктеу өлшемшарттары анықталды;
  • Компания РЕПО мәмілелері бойынша қамтамасыз ету ретінде әрекет ететін бағалы қағаздарға қолданылатын дисконттың (haircut) мөлшерін айқындау кезінде ескеретін факторлар нақтыланды;
  • D шотында орналастырылған және РЕПО мәмілелерінде пайдаланылатын Клиенттің қаражаты мен бағалы қағаздарын жеке есепке алу туралы ереже күшейтілді;
  • Клиентті интернет-трейдинг жүйесі (ИТЖ) арқылы оның мүддесінде жасалған барлық РЕПО мәмілесі туралы хабардар ету көзделген;
  • Компания D шотында Клиенттің активтерін қалауы бойынша басқаруды жүзеге асырмайтыны нақты көрсетілген;
  • мүдделер қақтығысын шешу тәртібі реттелді;
  • Клиенттің Компания AIFC Conduct of Business Rules (COB 8.3.16) талаптарына сәйкес D шотында оның активтерін жеке есепке алуды жүзеге асыратынына келісімі бекітілді;
  • РЕПО мәмілелерін жасасуға, орындауға және тоқтатуға байланысты туындайтын Клиент пен Компанияның құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі жазылған;
  • D шотында жасалуы мүмкін операциялардың тізімі толық сипатталған;
  • Регламентке 6-қосымшаның шеңберінде жасалатын мәмілелерге қолданылатын құқық айқындалды;
  • 6-қосымша шеңберінде жасалатын мәмілелерге байланысты даулардың айрықша соттылығы анықталды – «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотына (АХҚО соты);
  • РЕПО мәмілелері арқылы қаражат орналастыруды неғұрлым ұзақ мерзімге автоматты түрде ұзарту (автоматты түрде ұзарту) мүмкіндігі енгізілді.

    Регламент пен қосымшалардың жаңартылған редакциясымен Сіз Компанияның: https://fbroker.kz/ ресми сайтында таныса аласыз.
    Сұрақтарыңыз болса, өзіңіздің дербес менеджеріңізге немесе 7555 телефонына хабарласыңыз (Қазақстан Республикасының аумағында ұялы телефондардан қоңырау шалу үшін).

    Шетелден қоңырау шалу үшін: +7 (7172) 67-77-55.


Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!