Honda компаниясы ашық компания ретінде жұмыс істеп келе жатқан шамамен 70 жыл ішінде алғаш рет жылдық шығынға ұшырағанын хабарлады. Бұл $9 млрд-тан асатын электромобильдер бизнесін қайта құрылымдауға жұмсалған шығындармен байланысты болды.
Электромобильдерге сұраныс компания болжағандай жоғары болмады, және Honda 2026 жылдың наурызында аяқталған қаржы жылы бойынша 423 млрд иена ($2,68 млрд) көлемінде операциялық шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Компания электромобильдер өндірісі бойынша кейбір мақсаттарынан бас тартатынын және шығындарды азайту үшін Қытайдан арзанырақ бөлшектер сатып алатынын айтты. Қосымша қысым факторлары ретінде компания АҚШ саясатындағы өзгерістерді атады, соның ішінде электромобиль сатып алатын америкалық тұтынушылар үшін салықтық жеңілдіктердің жойылуы және тарифтердің енгізілуі бар.
Honda 2040 жылға қарай толықтай электромобильдер шығаруға көшу жөніндегі мақсатыннан бас тартты. Компания Канададағы электромобильдер өндірісі жобасын белгісіз мерзімге тоқтатады. Алдағы үш жыл ішінде Honda ресурстарды электромобильдерден гибридтерге қайта бағыттайды: электромобильдерге инвестициялар шамамен 0,8 трлн иенмен ($5,1 млрд) шектеледі, ал бензин және гибридті автомобильдер бағдарламаларына 4,4 трлн иен (шамамен $27,9 млрд) бағытталады