Freedom Broker Galiano Gold бойынша ұсынысты таргеттің төмендеуіне қарамастан «Сатып алуға» дейін көтерді
Биржалық жаңалықтар
20 мая 2026, 20:42
Galiano Gold (GAU) 2026 жылдың І тоқсанында күшті нәтижелер көрсетті: алтын өндіру, EBITDA және операциялық ақша ағыны талдаушылардың күткендерінен асып түсті. Freedom Broker компания акцияларының мақсатты бағасын төмендеткенімен, қағаздардың өсу әлеуеті ағымдағы бағаға қатысты шамамен 53% -ды құрайды. Galiano Gold Ганада алтын өндірумен айналысады және Abore, Esaase және Nkran кен орындарын игереді.
Freedom Broker сарапшылары Galiano Gold акциялары бойынша ұсынысты «Ұстаудан» «Сатып алуға» дейін көтерді.
Алтын өндіру Freedom Broker-дің 29 мың унция деңгейіндегі болжамына қарағанда 34,7 мың унцияны құрады, ал түсім $166,5 млн-ға жетті, ол сарапшылардың да, нарықтың консенсус-болжамынан да асып түсті. Galiano Gold алтын бағасының қымбаттауы жағдайында өндіруді ұлғайтады.
Түзетілген EBITDA $93,4 млн, ал операциялық ақша ағыны - $46,7 млн құрады, бұл, сарапшылардың пікірінше, компанияның ақша ағындарын генерациялаудың анағұрлым күшті кезеңіне көшуін растайды.
Компания үшін негізгі жағымсыз фактор Ганадағы роялти жүйесінің өзгеруі болып қала береді. 2026 жылғы наурыздан бастап тіркелген мөлшерлеме алтынның бағасына байланысты 5-12% диапазонында өзгермелі шәкілге ауыстырылды, бұл бизнестің өзіндік құны мен рентабельділігіне қысымды күшейтеді. Осының аясында менеджмент 2026 жылға өндіру өзіндік құнының болжамын арттырды.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.