2026 жылғы 22 мамыр, Алматы
Freedom Finance Global (Freedom Broker) компания үшін 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған тоқсан мен қаржы жылының нәтижелерін жариялайды. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қолданыстағы клиент шоттарының жалпы саны 315 мың. 2026 қаржы жылының төртінші тоқсанында бағалы қағаздармен 12 млн мәміле жасалып, 24,2 мың жаңа брокерлік шот ашылды. 2026 қаржы жылы 41 млн мәміле жасалып, 104 мың шот ашылды.
Freedom Broker клиенттерінің арасында танымал 5 үздік акция (2026 ж. 1-тоқсан)
Мәмілелерінің көлемі жағынан
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәміле сомасы (млн USD) | Атауы (тикер) | Мәміле сомасы (млн USD) | ||
| 1 | AltynGold plc (GB_ALTN) | 44,9 | 1 | Petrobras (PBR) | 3 450,6 |
| 2 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ (KZAP) | 21,3 | 2 | Newmont Corporation (NEM) | 1 857,5 |
| 3 | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK) | 9,3 | 3 | Nebius Group N.V. (NBIS) | 669,1 |
| 4 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ (KZAPD) | 9,1 | 4 | Nvidia (NVDA) | 591,1 |
| 5 | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (KMGZ) | 6,9 | 5 | Micron Technology (MU) | 515,8 |
Мәмілелерінің саны жағынан
| Қазақстан нарығы | Америка нарығы | ||||
| Атауы (тикер) | Мәмілелер саны (мың) | Атауы (тикер) | Мәмілелер саны (мың) | ||
| 1 | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (HSBK) | 23,4 | 1 | Nebius Group N.V. (NBIS) | 40,7 |
| 2 | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ (KZAP) | 13,7 | 2 | Nvidia (NVDA) | 37,6 |
| 3 | «Эйр Астана» АҚ (AIRA) | 8,5 | 3 | Micron Technology (MU) | 25,9 |
| 4 | «ҚазТрансОйл» АҚ (KZTO) | 7,4 | 4 | Microsoft Corporation (MSFT) | 25,3 |
| 5 | AltynGold plc (GB_ALTN) | 6,6 | 5 | Advanced Micro Devices Inc (AMD) | 24,6 |
Өткен тоқсанда Freedom Broker клиентке қызмет көрсету сапасын көтеруге бағытталған ITS (International Trading System) компаниясымен технологиялық әріптестікті одан әрі күшейтуде.
Компанияға реттеушінің тарапынан лицензия ойдағыдай беріліп, дәстүрлі банктік инфрақұрылымды пайдаланбай, криптовалютаны аудара отырып брокерлік шотты толтыруға мүмкіндік беретін қызметтерді іске қосты. Шотқа келіп түсетін цифрлық активтер автоматты түрде мемлекет қаражатына айырбасталады, сол арқылы клиенттер инвестициялауды жедел түрде бастай алады. Компания сондай-ақ брокерлік шоттан ақшаны криптовалютада алуға мүмкіндік беретін кері қызметті іске қосты. Сонымен қатар, компания брокерлік инфрақұрылым шеңберінде клиенттердің цифрлық активтерін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кастодиандық лицензия алды. Қазіргі уақытта USDC (Ethereum), USDC (BNB Smart Chain), USDT (Tron), BTC (Bitcoin), ETH (Ethereum) сияқты 11 жетекші криптовалютамен жасалатын операциялар қол жетімді.
13 наурызда Freedom Finance Global компаниясының Қазақстан қор биржасын (KASE) 24-ші жыл сайынғы марапаттау рәсімінде «Корпоративтік облигациялар нарығының көшбасшысы» және «Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы» атанды.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE биржасында сауда жасайтын бағалы қағаздардың 8 атауы бойынша, Astana International Exchange (AIX) биржасында сауда жасайтын бағалы қағаздардың 17 атауы бойынша және ITS-те сауда жасайтын бағалы қағаздардың 2,8 мың атауы бойынша Freedom Finance Global маркетмейкер болып табылады.
Қаржы нәтижелері
Freedom Finance Global-дың активтері 2026 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 278,4 млн АҚШ долларын құрады. Көрсеткіштің жылдық мәнде 23%-ға өсуі негізінен бағалы қағаздар портфелінің 44,3 млн АҚШ долларына немесе 40,6%-ға өсуіне байланысты болды.
Компанияның міндеттемелері 223 мың АҚШ долларына немесе жылына 0,2%-ға аздап ұлғайып, 97,6 млн АҚШ долларын құрады.
Меншікті капитал 180,8 млн АҚШ долларын құрап, есепті кезеңде бөлінбеген пайданың өсуі есебінен 51,8 млн АҚШ долларына немесе 40,2%-ға ұлғайды.
2026 қаржы жылындағы таза пайда 133,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 1%-ға аз төмендеді. Сонымен бірге, 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында таза пайда 35,8 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,4 млн АҚШ долларына немесе 106,2%-ға өсті. Пайыздық кірістің 28,4 млн АҚШ долларына өсуі және комиссиялық кірістің 11,1 млн долларға өсуі оң серпінге негізгі үлес болды. Айта кету керек, пайыздық кірістің айтарлықтай өсуі бүкіл қаржы жылы бойы орын алды, бірақ алғашқы үш тоқсанда ол операциялық шығынның өсуімен теңестірілді.
Анықтама:
Freedom Finance Global - бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге маманданған жаңа мүмкіндіктері бар брокер. Компания АХҚО-да тіркелген, AFSA лицензиясы бар және қызметін ағылшын құқығының нормаларына сәйкес жүзеге асырады. Freedom Finance Global клиенттері жергілікті және халықаралық биржалардағы биржалық операцияларға шыға алады: KASE, AIX, Tabadul, ITS-ке тікелей; ал NYSE, NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Xetra-ға праймброкерлер арқылы қосылу.
Компания Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдингтің акциялары (15.10.2019 жылдан бастап) NASDAQ Capital Market-те FRHC тикерімен орналастырылды. Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.
БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]