Freedom Broker: Workday акцияларының 45%-ға өсу әлеуеті сақталуда

Биржалық жаңалықтар

28 мамыр 2026, 17:21

Workday (WDAY) 2027 қаржы жылының І тоқсанындағы нәтижелерін нарық күткеннен жоғары деңгейде ұсынды. Freedom Broker компанияның басты драйверін ЖИ-ді коммерциялық енгізудің жеделдеуінен көреді. Осыған қарамастан, сарапшылар бұлтты бағдарламалық жасақтама секторын жалпы қайта бағалауға байланысты акциялардың мақсатты бағасын $210-дан $180-ға дейін төмендетті.

Workday персоналды, қаржыны және бизнес-процестерді басқаруға арналған корпоративтік бұлтты бағдарламалық жасақтаманы әзірлейді. Компанияның негізгі клиенттері — ірі корпорациялар мен мемлекеттік ұйымдар.

Тоқсан қорытындысы бойынша Workday түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсіп, $2,54 млрд-ты құрады, ал түзетілген сұйылтылған бір акцияға шаққандағы пайда нарық күткен $2,51 деңгейіне қарсы $2,66 болды.

Компанияның келесі тоқсандарға арналған болжамы әртүрлі болды. Акциялардың бағалануына SaaS-компаниялар секторындағы нарықтық мультипликаторлардың төмендеуі қысым жасап отыр. Дәл осы себепті Freedom Broker «Сатып алу» ұсынысын сақтай отырып, WDAY акцияларының мақсатты бағасын $180-ға дейін төмендетті.

Сарапшылардың бағалауынша, акциялардың қазіргі $124 деңгейінен өсу әлеуеті шамамен 45%-ды құрайды.

Freedom Broker компаниясы ЖИ-бағытын тестілеу кезеңінен толыққанды коммерциялық пайдалануға біртіндеп көшіріп жатқанын атап өтеді. Sana ЖИ-көмекшісінің жаһандық іске қосылуы, персоналды іріктеуге арналған Recruiting Agent ЖИ-сервисінің дамуы және Agent System of Record ЖИ-агенттерін басқару жүйесінің енгізілуі Workday экожүйесін күшейтеді және клиенттердің платформаға тәуелділігін арттырады.

Сарапшылар бизнестің дәстүрлі HR- және қаржылық сервистерден тыс кеңеюін қосымша драйвер деп атайды. Компания АҚШ-тың мемлекеттік құрылымдарына арналған шешімдерді, іссапарларды автоматтандыру мен шығыстарды басқаруды белсенді дамытуда, бұл кросс-сатылымдар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!