Freedom: Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленістің өсу тәуекелі WTI $110-дан көтеруі мүмкін
Биржалық жаңалықтар
26 мамыр 2026, 19:31
Мұнай нарығында жоғары белгісіздік сақталуда, ал басты фактор - мұнай саудасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Ормуз бұғазындағы жағдай. Freedom Broker белсенді әскери қимылдарға қайта оралу WTI мұнайының бағасын барреліне $110-дан жоғары көтеруге қабілетті деп санайды, ал шиеленістің бәсеңдеуі котировкалардың шұғыл төмендеуіне түрткі болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Иран тарапынан бұғаздың қазіргі «қосарланған блокадасы» сақталған жағдайда, мұнай бағасы, сірә, біртіндеп өсетін болады. Қазіргі уақытта сұраныс пен ұсыныстың іргелі көрсеткіштері емес, дәл осы геосаясат нарықтың басты драйвері болып қала беруде.
Инвесторлар үшін қазіргі жағдай мұнай нарығындағы жоғары волатильділіктің сақталуын білдіреді, мұнда жаңалықтар бірнеше күн ішінде баға қозғалысының бағытын шұғыл өзгертуге қабілетті.
Котировкаларға АҚШ-тағы көмірсутек қорлары бойынша статистика қосымша қолдау көрсетуде. Елдегі мұнай мен мұнай өнімдерінің жалпы қоры қатарынан сегіз апта бойы төмендеп келеді - осы уақыт ішінде құлдырау шамамен 90 млн баррелді құрады. Сонымен қатар АҚШ-тың стратегиялық мұнай резервтері 374,2 млн баррельді құрап, тарихи ең төменгі деңгейге дейін қысқарды.
Өткен аптада АҚШ пен Иранның келіссөздердегі позициялары жақындасуы мүмкін деген белгілер аясында WTI мұнайының бағасы 8,4%-ға төмендеп, барреліне $96,6 құрады. Алайда Freedom Broker тұрақты уағдаластықтардың болу ықтималдығын төмен деп санайды, өйткені Иранда Ислам революциясы күзеті корпусының (ИРКК) әскери қанаты айтарлықтай ықпалға ие болып отыр.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.