Freedom брендтің ауқымды өзгерісі жайында хабарлайды

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

1 июня 2026, 10:13

2026 ж. 1 маусым, Алматы 

Freedom Holding Corp. бірыңғай брендке көшетіні жайында хабарлайды. Мұндай шешім біртұтас цифрлық экожүйені дамытудың және топтың бизнесін Freedom жалпы брендімен шоғырландырудың ұзақ мерзімді стратегиясының бөлігі болып табылады. Логотиптердегі «Bank», «Broker» және басқалар сияқты сөз алдындағы қосымшалар қолданылмайды.

Брендтің өзгертілуі топтың нарықтағы бәсекеге қабілетін нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыруға және клиенттер мен серіктестер үшін біртұтас пайдаланушы тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Компанияның ребрендингі шеңберінде топтар Холдингтің филиалдары бар барлық елде бірыңғай визуалды сәйкестікке, бренд сәулетіне және коммуникациялық моделге біртіндеп көшеді.

Бүгінгі таңда Freedom экожүйесі қаржылық, сақтандыру, телекоммуникация, lifestyle және digital қызметтерін біріктіреді. Компанияның клиенттері банктік, брокерлік, сақтандыру, билеттер сатып алу, интернет және e-commerce шешімдері сияқты экожүйенің әртүрлі өнімдерімен күн сайын өзара іс-қимыл жасайды. Клиент үшін бірыңғай брендке көшу әртүрлі қызметтер жиынтығын емес, біртұтас, түсінікті және байланысты экожүйе болуға деген ұмтылысты көрсетеді. Мұндай тәсіл клиентке Freedom-ның барлық өнімін жылдам түсінуге, көрсетілетін қызметтерді оңай танып, игеруге, сондай-ақ оларды өздері үшін ең ыңғайлы және тиімді түрде пайдалануға көмектеседі.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры: «Брендтің өзгертілуі - Freedom-ның біртұтас экожүйе ретінде дамуының қисынды жалғасы. Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз бен көрсетілетін қызметтеріміз бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілген және бірыңғай бренд осы байланысты клиент үшін неғұрлым түсінікті әрі танымал етеді. Адам банктік, брокерлік, сақтандыру немесе lifestyle қызметтерін пайдалана отырып, бірыңғай тәсілді, сапа стандарттарын және пайдаланушы тәжірибесін сезінуі тиіс. Біз үшін бұл брендтердің визуалды бірігуі ғана емес, сондай-ақ клиенттің қажеттіліктері төңірегінде цифрлық экожүйе құруға бағытталған стратегияның көрінісі».

Осылайша, бренд өзгертілуі Freedom бизнесінің ауқымын көрсетуге, топтың бағыттары арасындағы бірлесіп атқаратын жұмысты күшейтіп, компанияның филиалдары мен өкілдіктері бар елдерде экожүйенің әрі қарай дамуын қолдауға арналған. Бірыңғай бренд сондай-ақ экожүйені кеңейтуге, оның шетелдегі қызметін күшейтіп, нығайтуға және Freedom-ды жаңа нарықтарда танымал бренд ретінде дәйекті түрде ілгерілетуге негіз жасай отырып, компанияның жаһандық ұмтылысын жүзеге асырудың маңызды элементіне айналуда.

 

Анықтама:

Freedom Holding Corp. қаржылық қызмет көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттерімен, мәдени және спорттық іс-шараларға сатылатын билеттерді онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания, ол онлайн супермаркет қызметтерін ұсынады және т.б. Freedom Holding Corp.-тың еншілес компанияларын ескере отырып, 11,3 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқаларын қоса алғанда 21 елде орналасқан. Freedom Holding Corp.-тың жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен сауда жасайды. 

 

БАҚ үшін байланыс деректері[email protected] 

www.freedomholdingcorp.com 

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Достық көшесі 16, кірістірілген тұрғын емес үй 2 (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «B+/B», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!