Регламенттің және оған қосымшалардың жаңа редакциясының күшіне енуі
Тұтынушыларға хабарландырулар
3 маусым 2026, 10:48
Құрметті Клиент!
2026 жылғы 3 маусымнан бастап «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясының (бұдан әрі – «Компания») Бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету регламентінің (бұдан әрі – «Регламент»), сондай-ақ оған қосымшалардың жаңа редакциясы күшіне енеді.
Регламенттің жаңа редакциясын дайындау Компанияның цифрлық активтерге байланысты қызметтер көрсету талаптарын жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты. Атап айтқанда, цифрлық активтерге қатысты кастодиандық қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын реттейтін Регламентке 15-жаңа қосымша бекітілді.
Бұдан басқа, Регламент ережесін Компанияның цифрлық активтермен қызметтер көрсетуге жаңартылған тәсіліне сәйкес келтіру мақсатында Компанияның цифрлық активтермен мәмілелер ұйымдастыру жөніндегі қызметтерін реттейтін Регламентке 14-қосымшаға өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, Регламенттің жаңа редакциясын дайындау шеңберінде стилистикалық дәлсіздіктерді жоюды қоса алғанда, жекелеген техникалық және редакциялық нақтылаулар енгізілді.
Регламент пен қосымшалардың жаңартылған редакциясымен Сіз Компанияның: https://fbroker.kz/ ресми сайтында таныса аласыз.
Сұрақтарыңыз болса, дербес менеджеріңізге немесе 7555 телефонына хабарласыңыз (Қазақстан Республикасының аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу үшін).
Шетелден қоңырау шалу үшін: +7 (7172) 67-77-55.
Құрметпен,
Freedom Finance Global PLC жария компаниясы