Freedom сарапшылары америкалық Upstream Bio (UPB) биотехнологиялық компаниясының акциялары бойынша инвестициялық идея ұсынды. Компания акциялары үшін мақсатты баға ағымдағы шамамен $7,30 деңгейімен салыстырғанда бір акцияға $11 болып белгіленді. Өсу әлеуеті 50,7% деп бағаланып отыр, ұсыныс — «Сатып алу». Upstream Bio тыныс алу жолдарының ауыр қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттарды әзірлеуге маманданған.
Компанияның негізгі активі — Verekitug препараты. Бұл ауыр астма мен мұрын полиптерімен қатар жүретін созылмалы риносинуситті емдеуге арналған моноклоналды антидене. Алдағы айларда компания препаратты дамыту мәселесі бойынша FDA-мен (АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы) консультациялар өткізеді.
Сарапшылар Verekitug-тің жылдық сатылымы $1 млрд-тан асуы мүмкін blockbuster-препарат әлеуетіне ие екенін атап өтеді. Олардың пікірінше, препаратты ілгерілетуге қатысты күтулер мен реттеушілік процестің айқындала түсуі алдағы айларда компания акцияларының өсуіне түрткі болуы мүмкін.
Freedom талдаушыларының пікірінше, нарық VALIANT зерттеуінің екінші фазасы нәтижелеріне шамадан тыс теріс реакция танытқан. Инвесторлар препаратты алты айда бір рет енгізу режимінің тиімділігіне көңілі толмағанымен, тоқсан сайын қолдану режимі жақсы нәтижелер көрсетіп, қолданыстағы препараттармен салыстырғанда пайдалануда айқын артықшылық танытты.
Препараттың қосымша артықшылығы — оның әсер ету механизмі. Бәсекелес Tezspire препаратынан айырмашылығы, Upstream Bio әзірлемесі ұзақ әрі айқынырақ терапиялық әсер береді. Созылмалы риносинусит бойынша зерттеуде препарат ауру белгілерінің айқындылығын едәуір төмендетіп, хирургиялық араласу немесе жүйелі кортикостероидтарды қолдану қажеттілігін 76%-ға азайтқан.
Инвесторлар үшін 2026 жылдың ортасындағы басты оқиға — екінші фазалық зерттеулер қорытындысы бойынша компанияның FDA-мен келіссөздері болмақ. Freedom сарапшыларының күтуінше, реттеуші орган болашақ тіркеу сынақтарының параметрлерін анықтауға көмектесіп, препаратты пациенттердің биомаркерлеріне шектеу қоймай кеңінен қолдану мүмкіндігін растауы мүмкін.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.