Freedom: АҚШ пен Иран келісімінен кейін Brent бағасы баррелі үшін $80–90 деңгейінде қалуы мүмкін
Биржалық жаңалықтар
16 маусым 2026, 21:31
Freedom: АҚШ пен Иран келісімінен кейін Brent бағасы баррелі үшін $80–90 деңгейінде қалуы мүмкін
Мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайдың қалыпқа келеді деген күтулер аясында төмендеуін жалғастыруда. Freedom талдаушысы Наталья Мильчакованың пікірінше, АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға қол қою әлемдік нарықтағы ұсыныстың артуына алып келіп, алдағы апталарда Brent бағасына қысымды сақтауы мүмкін.
Сейсенбі күні Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 3,7%-ға төмендеп, баррелі үшін $80,13 деңгейіне дейін түсті. Инвесторлар 19 маусымда қол қойылады деп күтіліп отырған АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімнің перспективасын есепке алуда.
Келісімнің негізгі салдарының бірі — әлемдегі ең маңызды мұнай тасымалы бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы толыққанды кеме қатынасының қайта жандануы болуы мүмкін. Алдын ала деректерге сәйкес, бұғазды ашу келісім жасалғаннан кейін 30 күн ішінде жүзеге асуы ықтимал.
Алайда талдаушының пікірінше, бағаның төмендеу әлеуеті шексіз емес. Әскери әрекеттер Парсы шығанағындағы бірқатар елдердің мұнай өндіру және тасымалдау инфрақұрылымына зиян келтірді, ал оны қалпына келтіру уақыт пен қосымша инвестицияны талап етеді.
Бұл экспорт көлемінің нарыққа қайта оралу қарқынын шектеуі мүмкін және қақтығыстың бәсеңдеуінен туындайтын теріс әсерді ішінара өтейді.
Freedom болжамынша, маусым айының соңына дейін Brent мұнайы баррелі үшін $80–90 диапазонында саудалануы ықтимал, ал бағаның әрі қарайғы динамикасы жеткізілімдердің қалпына келу қарқыны мен АҚШ пен Иран арасындағы болашақ келісім шарттарының орындалуына байланысты болады.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.