Freedom Broker жабдық жеткізушісі DNOW бойынша қамтуды «Сатып алу» ұсынымымен бастады

Биржалық жаңалықтар

26 июня 2026, 16:00

Freedom Broker талдаушылары DNOW Inc. (DNOW) компаниясына қатысты талдамалық қамтуды «Сатып алу» ұсынымымен және бір акцияға $16 мақсатты бағамен бастады. Қазіргі нарықтық баға $13,5 болғанда, қағаздардың өсу әлеуеті шамамен 18,5% құрайды.

DNOW Inc. — энергетика және өнеркәсіп секторлары үшін жабдық пен инженерлік шешімдердің халықаралық жеткізушісі. Компания құбырлар, клапандар, компрессорлар және басқа да жабдықтарды дистрибуциялауға маманданған, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқару және жобаларды техникалық сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді. DNOW клиенттері мұнай-газды өндіру, тасымалдау және өңдеу, коммуналдық газ инфрақұрылымы, мұнайхимия және өнеркәсіптік өндіріс сегменттеріндегі компаниялар болып табылады.

Сарапшылардың пікірінше, компания MRC Global (MRC) компаниясымен сәтті интеграция, бизнесті кеңейту және клиенттік базаны әртараптандыру есебінен өсу әлеуетіне ие. MRC Global — энергетика саласы үшін құбыр арматурасын және оған қатысты өнімдерді тарату саласында жұмыс істейді. Мәмілені 2025 жылдың соңында жасады, MRC Global Inc. $1,5 млрд-қа бағаланды. 

Freedom Broker атап өткендей, MRC Global-пен мәміле аяқталғаннан кейін DNOW бизнес құрылымы анағұрлым теңгерімді болды. Бұрын компания едәуір дәрежеде мұнай мен газ өндіру сегментіне бағдарланған болса, енді түсімнің елеулі үлесін неғұрлым тұрақты бағыттар – коммуналдық газ кәсіпорындары, көмірсутектерді тасымалдау, өңдеу және өнеркәсіп қалыптастырады. Талдаушылардың пікірінше, мұндай әртараптандыру шикізат бағасының ауытқуының компанияның қаржылық нәтижелеріне әсерін төмендетеді.

Өсімнің негізгі драйверлерінің қатарында сарапшылар әлемдік табиғи газға сұраныстың артуы аясында газ құбырларын және СТГ нысандарын салуға инвестициялардың күтілетін ұлғаюын да атап өтеді. Сонымен қатар, талдаушылар MRC Global интеграциясына, мұнай-газ саласындағы белсенділіктің ықтимал төмендеуіне және дәстүрлі энергетикалық инфрақұрылымға ұзақ мерзімді инвестицияларды шектеуі мүмкін энергетикалық ауысудың жеделдеуіне байланысты тәуекелдерге назар аударады.

Жеке инвестициялық ұсыным емес.   

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!