Қазақстан әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект кластерін құруды жоспарлап отыр

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

3 шілде 2026, 09:18

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, халықаралық Citi корпорациясы және Freedom Holding Corp арасында ауқымды жасанды интеллект кластерін бірлесіп салу туралы өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, республиканың жаңа үлгідегі экономикаға көшіп жатқанын атап өтті:

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Қазақстанда жасанды интеллектті дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрудамыз. Бүгінде технологияны тұтынушы болу жеткіліксіз, өзіндік есептеу қуатына және AI-шешімдерді әзірлеуге арналған жағдайларға ие болу маңызды. Citi және Freedom Holding Corp компанияларымен меморандумға қол қою - әлемдік деңгейдегі AI-кластерін құру жобасын жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Ол инвестициялар, таланттар мен технологиялық компаниялар үшін тартымды орталыққа айналады, сондай-ақ мемлекет, ғылым және бизнес үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді».

Citi-дің мемлекеттік сектормен жұмыс жөніндегі жаһандық басшысы Стефани фон Фридебург бастаманың республиканың ұзақ мерзімді дамуы үшін маңыздылығын атап өтті:

«Бұл Меморандум Қазақстанның цифрлық трансформациясының өршіл күн тәртібін және озық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуды қолдауға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді. Осы ынтымақтастық арқылы біз мемлекеттік институттарға, бизнеске және зерттеушілерге қызмет ете алатын әлемдік деңгейдегі ИИ-кластері мен есептеу қуаттарын құруға ықпал ететін инновациялық қаржыландыру тәсілдерін бағалауға тырысамыз. Біз Қазақстанның позициясын нығайту үшін өзіміздің жаһандық тәжірибеміз бен халықаралық капиталға қолжетімділікті пайдалана аламыз».

Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов компанияның жобаны практикалық іске асыруға дайындығын растады:

«Бүгінгі оқиға - Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту саласында жүргізіп отырған ауқымды саясатының тәжірибелік көрінісі. Технологиялық егемендікке ұмтылу және Қазақстанды цифрлық державаға айналдыру курсы ең жоғары деңгейде белгіленді, ал біз қол қойып отырған меморандум - осы бағыттағы нақты қадам. Freedom Holding Corp. компаниясының NVIDIA және OpenAI сияқты жетекші әлемдік технологиялық компаниялармен ынтымақтастықта нақты тәжірибесі бар және біз бұл сараптаманы жобаны табысты жүзеге асыру үшін қолдануға ниеттіміз».

Ынтымақтастықтың басты міндеті - озық GPU-технологияларымен жабдықталған жасанды интеллект кластерін құру, сондай-ақ мемлекеттік сектор, ғылым және бизнес үшін негізгі орталыққа айналатын деректерді өңдеу орталығын салу болмақ.

Сонымен қатар, келісім Қазақстанның жаһандық қаржы жүйесіндегі позициясын нығайтатын цифрлық активтер экожүйесін қалыптастыруды көздейді.

Тараптар цифрлық банкинг және трансшекаралық есеп айырысу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, қаржылық құралдарды нарықтың барлық қатысушысы үшін қолжетімді және ашық ететін блокчейн-шешімдерді енгізуге ниетті екендерін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!