Freedom Broker Nasdaq-100 және авиация секторындағы позицияларын күшейтті
Биржалық жаңалықтар
13 шілде 2026, 18:57
Freedom Broker сарапшылары Nasdaq-100 индексіне және авиация саласына арналған ETF-тердегі позицияларын кеңейтіп, технологиялық компаниялардың одан әрі өсетініне және әуе тасымалына жоғары сұраныс сақталатынына ставка жасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл сегменттер АҚШ акциялар нарығындағы ең тартымдыларының қатарында қалып отыр.

Модельдік портфельді қайта қарау аясында сарапшылар Nasdaq-100 индексінің динамикасын қадағалайтын Invesco QQQ Trust (QQQ) ETF-іне, сондай-ақ авиация секторына бағытталған U.S. Global Jets ETF (JETS) қорына позициялар ашты.
QQQ және JETS қосылуы технология секторындағы мықты іргелі негіздердің сақталуы және әуе тасымалы индустриясындағы тұрақты сұраныс жөніндегі сарапшылар көзқарасын көрсетеді, деп атап өтеді Freedom Broker мамандары.
Nasdaq-100 индексінің өсу драйверлері
Nasdaq-100 NASDAQ биржасында саудаланатын қаржылық емес ең ірі 100 компанияны біріктіреді. Индекске Apple (AAPL), Microsoft (MSFT), Nvidia (NVDA), Amazon (AMZN) және Tesla (TSLA) сияқты корпорациялар кіреді. Жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін компаниялардың жоғары шоғырлануының арқасында, индекс АҚШ технология секторындағы жағдайдың негізгі индикаторларының бірі болып саналады.
Авиация саласының акцияларына ставка
Екінші жаңа позиция — JETS қоры, ол ең ірі әуе компанияларына, авиациялық техниканы өндірушілерге және саланың инфрақұрылымдық компанияларына инвестициялайды. Қордың инвестициялық идеясы туристік белсенділіктің одан әрі өсуі және жолаушылар мен жүк тасымалына тұрақты сұраныс болады деген күтулермен байланысты.
Freedom портфеліне не кіреді
Жаңа позициялар ашумен қатар, сарапшылар АҚШ қаржы секторын және орта және шағын капитализациялы компанияларды қадағалайтын қорлардың үлесін арттырды. Коммуникация секторы, қаржы, денсаулық сақтау және жекелеген тұтынушылық компаниялар технологиялық алыптардан көшбасшылықтың бір бөлігін ала бастады, бұл АҚШ нарығының өсуін әртараптандырып, оны ЖИ бағытына тәуелділігін азайтады.
Сонымен бірге сарапшылар Жапония нарығына арналған DBJP ETF-індегі және ұзақ мерзімді корпоративтік облигацияларға арналған VCLT ETF-індегі позицияларын жапты, сондай-ақ Datadog, UnitedHealth Group және Bruker акциялары бойынша пайданы ішінара фиксациялады.
Осыған қарамастан, модельдік портфельдегі ақша қаражатының үлесі жоғары деңгейде — 23,63%. Қаражат АҚШ долларында жылдық 3,69% кірістілікпен орналастырылған.
Freedom Broker-дің модельдік инвестициялық портфелі компания сарапшылары тарапынан нарықтық трендтерді, макроэкономикалық жағдайды және жекелеген секторлардың перспективаларын бағалау негізінде қалыптастырылады. Стратегия тұрақты түрде қайта қаралады: сарапшылар активтердің құрамын түзетеді, ең тартымды құралдардың үлесін арттырады және тәуекел мен әлеуетті кірістілік арақатынасы қолайсыз сегменттердегі позицияларды қысқартады.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.