Freedom Broker: жаңа модельдер Stellantis-ті өсім траекториясына шығарды

Биржалық жаңалықтар

15 шілде 2026, 16:40

Stellantis N.V. (STLA) автоконцерні 2026 жылдың екінші тоқсанында нарық күткеннен де жоғары автомобиль жеткізілімі бойынша неғұрлым мықты нәтижелер көрсетті. Freedom Broker талдаушылары бизнестің қалпына келуіндегі негізгі драйвер Солтүстік Америкада жаңа модельдердің сәтті іске қосылуы болды деп санайды және акцияға $8,50 мақсатты бағамен «Сатып алу» ұсынымын сақтап отыр.

Stellantis N.V. немен айналысады және оның қаржылық көрсеткіштері

Stellantis 2021 жылы Fiat Chrysler Automobiles пен Groupe PSA бірігуі нәтижесінде құрылды және бүгінде Jeep, Ram, Dodge, Chrysler, Peugeot, Citroën, Opel және Fiat-ты қоса алғанда 14 автомобиль брендін біріктіреді.

Соңғы айларда Stellantis негізгі нарықтардағы бизнесін қалпына келтіріп жатыр. Бұған дейін компания 2030 жылға қарай Солтүстік Америкадағы сатылымды 35%-ға арттыруды жоспарлағанын хабарлаған. Негізгі екпін концерн үшін дәстүрлі түрде мықты саналатын брендтерді — Chrysler, Ram, Jeep және Dodge-ты дамытуға қойылған. 

Сонымен қатар Stellantis коммерциялық көлік бағытын дамытып келеді. Stellantis Pro One бөлімшесі 2030 жылға қарай электрлі, гибридті және дәстүрлі нұсқаларды қоса алғанда коммерциялық көліктің 11 жаңа моделін шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді

2026 жылдың бірінші тоқсанында Stellantis бизнестің қалпына келе бастағанының белгілерін көрсетті. Компанияның кірісі жылдық мәнде 6,5%-ға өсіп, €38,1 млрд-қа жетті, жеткізілім 11,8%-ға артты, ал таза пайда €377 млн болды (бір жыл бұрын €387 млн шығын болған). Сол кезде Freedom Broker талдаушылары STLA акциялары бойынша ұсынымды «Сатып алу» деңгейіне көтеріп, мақсатты бағасын $8,50 деп белгіледі.

Солтүстік Америка Stellantis N.V. өсімінің басты көзіне айналды

Солтүстік Америкадағы жеткізілім өсімі өңірдің автомобиль нарығының динамикасынан айтарлықтай озып отыр. Өңірдегі жеткізілім 37,7%-ға өсіп, 445 мың автомобильге жетті. Компания бұл нәтижені модельдік қатардың кеңеюімен байланыстырады: Ram 1500, Jeep Grand Cherokee, Jeep Grand Wagoneer, Chrysler Pacifica жаңартылған нұсқалары, сондай-ақ Jeep Cherokee және Dodge Charger SIXPACK жаңа буындары.

Екінші тоқсан қорытындысы бойынша Stellantis-тің шоғырландырылған жеткізілімі жылдық мәнде 10,4%-ға өсіп, 1,59 млн автомобильге жетті. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда да 17,3%-ға жоғары. Нәтиже 1,53 млн автомобиль деңгейіндегі жеткізілімді болжаған Freedom Broker болжамынан асып түсті. Операциялық динамиканың күшеюі аясында талдаушылар компанияның екінші тоқсандағы кіріс болжамын €42,8 млрд-тан €43,7 млрд-қа дейін көтерді.

Еуропа тұрақты динамиканы сақтап отыр

Еуропада Stellantis жеткізілімі жылдық мәнде 5,4%-ға өсіп, 762 мың автомобильге жетті. Өңір компания үшін ең ірісі болып қала береді және тоқсандық жеткізілімнің шамамен жартысын қамтамасыз етеді.

Өсімнің негізгі драйвері электромобильдер болды. Smart Car платформасында жасалған модельдерге, соның ішінде Citroën C3, Citroën C3 Aircross, Opel/Vauxhall Frontera және Fiat Grande Panda-ға сұраныс жоғары болып қалды. Leapmotor бренді автомобильдерінің жеткізілімі де оң үлес қосты, оның Еуропадағы сатылымы өсуді жалғастыруда.

Әлсіз өңірлер әзірге нәтижелерді тежеп тұр

Бизнес бағыттарының бәрі бірдей қалпына келуді көрсетіп отырған жоқ: Оңтүстік Америкада жеткізілім 2,7%-ға төмендеп, 253 мың автомобильге дейін қысқарды. Бразилиядағы сатылым өсімі Аргентинадағы сұраныстың төмендеуімен толықтай теңестірілді.

Таяу Шығыс пен Африкада жеткізілім 3,2%-ға төмендеп, 121 мың автомобильге жетті. Компания дерегінше, өңірлік тұрақсыздық әлі де теріс ықпалын тигізуде. Әсіресе Парсы шығанағы елдеріне жеткізілімнің қысқаруы айқын болды: мұнда сатылым шамамен 50%-ға төмендеді.

Freedom Broker кіріс болжамын көтерді

Операциялық нәтижелер жарияланғаннан кейін Freedom Broker талдаушылары компанияның қаржылық көрсеткіштері бойынша өз болжамдарын жақсартты. Енді 2026 жылдың қорытындысы бойынша Stellantis кірісі €164,9 млрд болады деп күтіледі, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,4%-ға жоғары әрі бұған дейінгі €161,8 млрд болжамнан да артық.

Талдаушылардың бағалауынша, 2026 жылы акцияға шаққандағы пайда €0,70-ке дейін жетуі мүмкін, ал 2027 жылы сатылым көлемдерінің одан әрі қалпына келуі және бизнестің тиімділігінің артуы есебінен €1,49-ға дейін өсуі ықтимал. Жоғары бәсеке мен сауда шектеулері тәуекелдері сақталғанына қарамастан, талдаушылар акциялардың ағымдағы бағалануы тартымды деп есептеп, «Сатып алу» ұсынымын растайды.

Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!