Freedom Broker: күшті есептен кейін Citigroup жаңа өсімге мүмкіндік алды
Биржалық жаңалықтар
22 шілде 2026, 20:32
Freedom Broker сарапшылары Citigroup Inc. (C) акцияларының соңғы төмендеуін позицияға кіру мүмкіндігі ретінде бағалап, «Сатып алу» ұсынымын сақтайды. Нысаналы баға $147-ден $157-ге көтерілді, бұл акция бағасы $132,9 болғанда шамамен 18% өсу әлеуетін білдіреді. Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылдың II тоқсанындағы күшті нәтижелер банктің операциялық көрсеткіштерінің құрылымдық жақсаруын растайды, ал ұзақ раллиден кейінгі түзету анағұрлым тартымды кіру нүктесін қалыптастырды.

Citigroup — АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі
Citigroup — корпоративтік және инвестициялық банкингті, қаржы нарықтарындағы сауда операцияларын, активтерді басқаруды, ірі компанияларға қызмет көрсетуді және бөлшек банктік бизнесті біріктіретін жаһандық қаржы тобы. Банктің негізгі бағыттары ретінде Services, Markets, Banking, Wealth және U.S. Consumer Cards аталады.
Freedom Broker сарапшыларының бағалауынша, Citigroup трансформацияның маңызды кезеңінен өтіп жатыр: банк біртіндеп қайта құрылымдау мен бейінді емес активтерді қысқартудан тұрақты пайда өсіміне, тиімділікті арттыруға және акционерлерге капитал қайтарымын ұлғайтуға көшуде.
Жоғары күтулер аясындағы күшті тоқсан
2026 жылдың II тоқсанында Citigroup түсімі жетіп шамамен $24,77 млрд болды және жылдық мәнде 14%-ға, тоқсандық мәнде 1%-ға өсті. Таза пайда 45%-ға артты — $4 млрд болған өткен жылмен салыстырғанда $5,8 млрд-қа дейін, ал GAAP EPS $1,96-дан $3,15-ке өсіп, нарық күтулерінен 15%-ға жоғары болды.
Күшті нәтижелер пайыздық та, пайыздық емес те кірістердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Таза пайыздық кіріс $17,13 млрд болып, жылдық мәнде 13%-ға және тоқсандық мәнде 9%-ға ұлғайды. Көрсеткіш консенсустен 7%-ға жоғары болды. Таза пайыздық маржа 2,54%-ға жетіп, бұл өткен жылғы деңгейден 11 базистік тармаққа жоғары.
Несиелер мен депозиттер күтулерден жылдамырақ өсуде
Citigroup тұрақтылығының негізгі көздерінің бірі — баланс. Банктің несие портфелі II тоқсан соңында $794 млрд-қа жетіп, жылдық мәнде 9%-ға және тоқсандық мәнде 4%-ға ұлғайды. Депозиттер 10%-ға өсті және шамамен $1,5 трлн-қа жетті.
Сарапшылар баланс өсімі нарық күтулерінен жақсы болғанын және таза пайыздық кіріс бойынша болжамдардың асып түсу факторларының бірі болғанын атап өтеді. Сонымен қатар менеджмент 2026 жылы Markets-ті есепке алмағанда NII өсімі 5–6% болады деген болжамын сақтап отыр.
Citi тиімділікті жақсартып, капиталды қайтаруды арттыруда
Банктің операциялық шығындары жылдық мәнде 5%-ға өсіп, $14,22 млрд болды, алайда түсім бұдан едәуір жылдам өсті. Нәтижесінде тиімділік коэффициенті өткен жылғы 62,7%-дан 57,4%-ға дейін жақсарды.
Материалдық капиталдың рентабельділігі (ROTCE) 13%-ға жетті, бұл өткен жылғы 8,7%-ға қарағанда жоғары. Жартыжылдық қорытынды бойынша көрсеткіш 13,1% болып, менеджменттің жылдық нысанынан 10–11% жоғары шықты.
Тоқсан ішінде Citigroup акционерлерге акцияларды кері сатып алу және дивидендтер арқылы шамамен $5 млрд бағыттады.
Раллиден кейінгі түзету кіру нүктесін қалыптастырады
Freedom Broker сарапшыларының пікірінше, күшті есеп жарияланғаннан кейін акциялардың төмендеуі фундаменталды көріністің нашарлағанын білдірмейді. Керісінше, бұл ұзақ мерзімді өсімнен кейін пайданы тіркеуді көрсетеді: есеп жарияланған сәтке дейінгі 12 айда акциялар шамамен 60% қосты.
Есептің сапасы күшті операциялық нәтижелермен расталады: апсайд бір ғана баппен емес, несиелік бизнес пен пайыздық емес кірістердің үйлесімімен қамтамасыз етілген, деп атап өтті сарапшылар.
Алдыңғы тоқсандар
Сәуір айында Freedom Global сарапшылары 2026 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша Citigroup-тің күшті нәтижелерін атап өткен болатын. Банктің түсімі жетті $24,63 млрд-қа, болжамнан 4,5%-ға асып түсті, ал GAAP EPS $3,06 болды — консенсустен 16%-ға жоғары. Өсімді Services, Markets және Wealth қоса алғанда, бизнестің негізгі бағыттары қамтамасыз етті. Бұл ретте менеджмент 2026 жылы Markets-ті есепке алмағанда таза пайыздық кіріс 5–6% өседі деген болжамын, тиімділік коэффициенті шамамен 60% болатын мақсатты деңгейді және акцияларды кері сатып алу көлемін ұлғайту жоспарларын растады.
Наурызда Citigroup сондай-ақ АҚШ-тағы өңірлік банктердің бірін сатып алу мүмкіндігін қарастырды. Ықтимал мәміле депозиттік базаны ұлғайтып, Citi-дің ішкі нарықтағы позициясын нығайтуы мүмкін еді, алайда үдеріс ерте кезеңде болды және нақты сатып алу нысаны айқындалмаған еді.
Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.