Freedom Broker өсуін жалғастыруда: жаңа тоқсан сандар көрінісінде

Фридом жаңалықтары

31 July 2026, 10:26

2026 ж. 31 шілде, Алматы қ.

Freedom Finance Global 2027 қаржы жылының I-тоқсанының (2026 жылдың 1 сәуірі – 30 маусымы) қорытындысын шығарады. Аталған кезеңде 19,6 мыңнан астам брокерлік шот ашылып, клиенттер бағалы қағаздармен 8,4 млн-нан астам мәміле жасады. Компанияда қолданыстағы клиенттік шоттардың жалпы саны 333,4 мың деңгейінен асты.

Қаржылық нәтижелер

Freedom Finance Global 2027 қаржы жылының I-тоқсанын операциялық көлемдердің сенімді өсімімен және капитал базасының нығаюымен аяқтады. Есепті кезеңдегі жиынтық кіріс бір жыл бұрынғы $136,06 млн-ға қарсы $227,90 млн-ға жетті – 67,5%-дық өсім брокерлік бизнестің кеңеюін көрсетеді.

Таза пайда $31,96 млн-ды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде $35,83 млн болған). 10,81%-ға төмендеу операциялар көлемінің ұлғаюы аясында шығыстардың озумен өсуіне байланысты: комиссиялық және сауда шығындары клиенттік белсенділіктің артуына пропорционалды түрде өсті, бұл бизнестің үлкен айналымда жұмыс істеуін көрсетеді.

Компанияның активтері 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша $278,51 млн-ды құрап, өткен тоқсанның деңгейінде ($278,39 млн) тұрақты сақталды. Бұл ретте тоқсан ішінде компания акционерлерге $40 млн дивиденд төлеп, активтер ауқымын сақтап қалды және балансты әлсіреткен жоқ – бұл ақша ағыны тұрақтылығының көрсеткіші.

Меншікті капитал есепті кезеңдегі пайда есебінен тоқсан ішінде $30,87 млн-ға (+17,08%) ұлғайып, $211,67 млн-ға дейін өсті. Капиталдың өсуі біржолғы факторлармен емес, операциялық нәтижемен қамтамасыз етілді, бұл пайданың сапасын растайды.

Тоқсанның басты оқиғалары

Есепті тоқсан Freedom Broker үшін дәлелденген сенімділік пен технологиялық даму кезеңі болды. S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Freedom Finance Global компаниясының ұзақ мерзімді несиелік рейтингін тұрақты болжаммен «BB-» деңгейіне дейін көтерді, бұл компанияның тәуекелдерді басқару және комплаенс саласындағы жүйелі жұмысын көрсетеді.

Дәл осы кезеңде KPMG Tax and Advisory компаниясының жүйелеріне тәуелсіз бағалау жүргізді: ішкі бақылау аудиті Freedom Finance Global компаниясының заңнама талаптарына және ҚК/ТҚҚ, ЖЖҚТҚ және санкциялық комплаенс саласындағы халықаралық стандарттарға, соның ішінде FATF ұсынымдарына, ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы еуропалық директиваларға, OFAC Framework for Compliance Commitments әдіснамасына, сондай-ақ үздік нарықтық тәжірибелерге сәйкестігін растады. Бұл компания үшін мұндай ауқым мен тереңдіктегі алғашқы бағалау, бұл оның ішкі бақылау жүйесінің кемелдігін және комплаенс саласындағы ең жоғары әлемдік стандарттарға толық сәйкестігін маңызды растауға айналды. Мұндай нәтиже компанияның барынша ашықтыққа және өз процестерін үздіксіз жетілдіруге бейілділігін көрсетеді.

Дамудың жеке бағыты – ITS (International Trading System) жүйесімен ынтымақтастық: Freedom Broker клиенттік мәмілелердің тезірек және ыңғайлы өтуі үшін технологиялық инфрақұрылымды нығайтуды жалғастыруда. Клиенттердің ITSW биржалық қорына деген қызығушылығы да артып келеді, ұстаушылар саны біртіндеп өсуде.

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Freedom Finance Global Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаланатын бағалы қағаздардың 7 атауы, Astana International Exchange (AIX) биржасында 17 атауы және ITS жүйесінде шамамен 2 800 атауы бойынша маркетмейкер ретінде әрекет етті.

Freedom Finance Global компаниясының инвестициялық банкинг бағыты 2027 қаржы жылының I-тоқсанында қаржылық кеңесші ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның AIX биржасындағы екі долларлық еурооблигациялар шығарылымын орналастыруды сүйемелдеді (тикерлері: KTZ.0431 және KTZ.0436). Freedom Finance Global андеррайтер ретінде Қазақстан қор биржасында (KASE) BI Development Ltd. компаниясының теңгелік облигацияларын орналастырудың екі кезеңін ұйымдастырды (тикерлері: BIGDb7 және BIGDb11). Орналастырудың жалпы көлемі жылдық 20% купондық мөлшерлемемен 18,9 млрд теңгені ($39 млн) құрады.

2026 күнтізбелік жылдың I-тоқсанында компания цифрлық активтерді пайдалана отырып, қаражатты толтыру және шығару сервистерін іске қосты, ал II-тоқсанда компания клиенттері оларды белсенді түрде пайдаланды. Дәл осы кезеңде компания пайдаланушыларға дәстүрлі қаржылық құралдар мен криптовалюталармен операцияларды бірыңғай инвестициялық платформа аясында біріктіре отырып, цифрлық активтерді тікелей брокерлік шотта сақтау мүмкіндігін берді. Сонымен қатар, қолдау көрсетілетін цифрлық активтер желісі 3-тен 11 криптовалютаға дейін кеңейтілді, бұл клиенттерге инвестициялық мүмкіндіктердің кеңірек таңдауына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

Анықтама:

Freedom Finance Global PLC

Компания негізінен бөлшек инвесторларға қызмет көрсетуге бағытталған.  Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында тіркелген және АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) лицензиялары негізінде қызметін жүзеге асырады. Компанияның қызметі ағылшын құқығы қағидаттарымен реттеледі. Freedom Finance Global PLC арқылы клиенттер NYSE, NASDAQ, LSE, Xetra, HKEX халықаралық биржаларына, сондай-ақ қазақстандық KASE, AIX биржаларына және ITS сауда алаңына қол жеткізе алады. Толығырақ: https://fbroker.kz/

«Фридом Финанс» АҚ

Компания заңды тұлғалар мен институционалдық инвесторларға қызмет көрсетуге бағытталған.  Ол тіркелген және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы негізінде жұмыс істейді. Компания қазақстандық KASE және AIX биржаларына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Толығырақ: https://almaty-ffin.kz/ru/.

Компаниялар Freedom Holding Corp. халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Холдинг акциялары (15.10.2019 ж. бастап) Nasdaq Capital Market алаңында FRHC тикерімен орналастырылған.  Freedom Holding Corp. қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC, АҚШ) реттейді.

БАҚ үшін байланыс деректері: [email protected]

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!