Xerox Holdings Corp. (XRX) акциялары Nasdaq биржасындағы сауда барысында шамамен 34%-ға қымбаттады. Бұған кеңсе жабдықтарын өндіруші компанияның бейсенбі күні 2026 қаржы жылына арналған болжамын жоғарылатуы және өткен жылғы шығынмен салыстырғанда екінші тоқсанда пайда көрсеткені себеп болды.
Xerox компаниясының бас директоры Луи Пастор: «Екінші тоқсан нәтижелері бізге сенімділікті арттыруға тағы бір себеп берді. Біз стратегиялық үш басымдығымыздың әрқайсысы бойынша ілгерілеуге қол жеткіздік: түсімді тұрақтандыру, табыстылықты арттыру және қарыз жүктемесін азайту. Соның нәтижесінде біз түсім мен түзетілген операциялық пайда бойынша болжамдарымызды, сондай-ақ Lexmark-пен күтілетін жалпы синергия көрсеткіштерін жоғарылатып отырмыз», – деді. Ағымдағы қаржы жылында компания енді түзетілген операциялық пайда көлемі 555 млн доллардан 605 млн долларға дейін болады деп күтуде, ал түсім шамамен 7,6 млрд доллар деңгейінде болжануда. Бұған дейін Xerox түзетілген операциялық пайда 450 млн доллардан 500 млн долларға дейін болады деп күткен және түсім 7,5 млрд доллардан асады деп болжаған еді. 2025 жылы компанияның түзетілген операциялық пайдасы 248 млн долларды, ал түсімі 7,02 млрд долларды құраған.
Жеке инвестициялық ұсыныс емес.