Freedom Broker: рекордтық ақша ағыны Newmont акцияларының өсу әлеуетін қолдайды
Биржалық жаңалықтар
7 августа 2026, 20:41
Freedom Broker сарапшылары Newmont Corporation (NEM) акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын және $130 мақсатты бағасын сақтап қалды. Рекордтық еркін ақша ағыны және акционерлерге капиталды белсенді қайтару аясында компания алтын өндіру секторына қатысты ең тартымды бәс тігулердің бірі болып қала береді. Қазіргі баға $105,4 болғанда, мақсатты деңгейге дейінгі өсу әлеуеті 23,3% құрайды.

Newmont — күшті ақша ағыны бар ең ірі алтын өндіруші
Newmont — өндіру активтерінің әртараптандырылған портфелі бар әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі. Newcrest Mining компаниясын сатып алғаннан кейін, компания портфельдің тиімділігін арттыруға және шығындарды қысқартуға көңіл бөлді, бұл қаржылық нәтижелерден-ақ көрініс тауып отыр. Newmont австралиялық алтын өндіруші Newcrest Mining компаниясын сатып алуды 2023 жылғы қарашада аяқтады. Мәміле құны шамамен $16,8 млрд болды, нәтижесінде әлемдегі ең ірі алтын өндіруші компания құрылды.
Freedom Broker талдаушыларының бағалауынша, алтын өндіру секторы үшін басты оң фактор — ірі өндірушілердің алтынның жоғары бағасын еркін ақша ағынына айналдыра алу қабілеті. Осы тұрғыда Newmont әсіресе күшті динамика көрсетіп отыр.
Рекордтық еркін ақша ағыны
2026 жылдың II тоқсанында Newmont $2,2 млрд еркін ақша ағынын алды — бұл тоқсандық рекордтық көрсеткіш. Компания шамамен 1,3 млн унция алтын өндірді және 2026 жылдың қорытындысы бойынша 5,3 млн унция өндіру жоспарын сақтап қалды.
Тоқсан бойынша таза пайда $2,2 млрд болды, түзетілген таза пайда — сондай-ақ $2,2 млрд, немесе сұйылтылған акцияға шаққанда $2,10. Түзетілген EBITDA $3,8 млрд-қа жетті. Операциялық қызметтен түскен ақша ағыны $2,9 млрд құрады.
Акционерлерге $1,9 млрд қайтарылды
Күшті ақша ағыны Newmont-қа акционерлерге қаражатты белсенді түрде қайтаруға мүмкіндік берді. Алдыңғы есептік қоңыраудан бері компания дивидендтер мен акцияларды кері сатып алуға $1,9 млрд бағыттады.
2024 жылғы ақпаннан бастап Newmont айналымдағы акциялар санын 100 млн-нан астамға, немесе шамамен 9%-ға қысқартты. Компанияда әрі қарай акциялар санының қысқаруы жалпы төлем көлемін арттырмай-ақ, бір акцияға шаққандағы дивидендті ұлғайтуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Алтын бағасының жоғары болуынан алтын өндірушілер ұтады
Freedom Broker талдаушыларының пікірінше, кері сатып алулар толқыны алтын өндіруші компаниялар акциялары үшін негізгі драйверлердің біріне айналуда. Жоғары еркін ақша ағыны өндірушілерге алтын бағамдары түзетілген жағдайда да айналымдағы акциялар санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Талдаушылар алтынға қатысты қолайлы көзқарасын сақтап, 2026 жылы металдың бағасын унциясына $4 985 деңгейінде, 2027 жылы $5 311-ге дейін өседі деп болжап отыр, содан кейін 2028 жылы $4 625-ке дейін төмендеу күтіледі.
Олардың бағалауынша, нарыққа орталық банктердің алтын сатып алуы, тұрақты инвестициялық сұраныс және ұсыныстың шектеулі өсуі қолдау көрсетеді. Бұл ретте котировкалар үшін негізгі тәуекелдер — доллардың нығаюы, нақты кірістіліктің өсуі және инвестициялық сұраныстың әлсіреуі.
Newmont даму жоспарларын сақтап отыр
Компания капиталды қайтарумен ғана шектелмей, қолданыстағы портфельге инвестиция салуға да басымдық беріп отыр. 2026 жылы Newmont өндірістік қуаттарды қолдауға шамамен $2 млрд бағыттауды жоспарлайды. Бірінші жартыжылдықта компания активтерді қолдауға $819 млн және даму жобаларына $524 млн инвестиция салды. Маңызды оқиғалардың бірі — Британдық Колумбияда Red Chris Block Cave мыс-алтын кенішіндегі жұмыстар үшін реттеуші рұқсаттарын алу.
Инвесторлар үшін қызықты
2026 жылғы ақпанда Newmont бір акцияға шаққандағы $2,52 түзетілген пайда туралы хабарлады, бұл талдаушылардың орташа болжамы $2-ден жоғары болды. Нәтижені алтынның рекордтық бағалары қолдады: металдың орташа іске асырылған бағасы унциясына $4 216 болды, бұл бір жыл бұрынғыдан шамамен 60% жоғары. Бұл ретте өндіріс көлемі 24%-ға төмендеп, 1,45 млн унцияға дейін азайды, бұл бірқатар ірі кен орындарындағы жоспарлы жұмыстар аясында болды.
Компания Newcrest Mining-ті сатып алғаннан кейін портфельді оңтайландыруды жалғастырды, сондықтан қайта құрылымдау аясында жұмыс күшін шамамен 16%-ға қысқартты. Сондай-ақ корпорация $2 млрд-тан астам сомаға активтерін сатып, ең тиімді нысандарға назар аударды.
2025 жылдың III тоқсанында компания рекордтық $1,6 млрд FCF алды, ал жыл басынан жинақталған көрсеткіш $4,5 млрд-қа жетті. Осы аяда Freedom Broker $107 мақсатты бағасымен «Сатып алу» ұсынымын сақтап отырды. Сарапшылар күшті балансты, қарыздың қысқаруын және Newcrest-пен мәміледен кейін бизнесті сәтті оңтайландыруды атап өтті.
Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды