Freedom Broker: Owlet технокомпаниясы пайданың өсу қарқынын жеделдетуде

Биржалық жаңалықтар

24 тамыз 2026, 11:24

Freedom Broker талдаушылары Owlet, Inc. (OWLT) бойынша «Сатып алу» ұсынымын растады және нысаналы бағаны $15 деңгейінде сақтап қалды. Акцияның ағымдағы бағасы $5,6 болғанда, өсу әлеуеті 167,86% құрайды. Талдаушылардың пікірінше, негізгі инвестициялық тезис біртіндеп түсімнің өсуінен пайда сапасын жақсартуға қарай ауысуда: жалпы маржаның кеңеюі және жылдам өсіп жатқан жазылымдық түсім ұзақ мерзімді перспективада пайданың анағұрлым күшті динамикасына негіз қалыптастырады.

Компания жазылымға ставка жасайды

Owlet, Inc. — балаларды цифрлық бақылау саласындағы технологиялық компания, нәрестелердің денсаулығын мониторингілеуге арналған құрылғылар мен сервистерді әзірлейді. Өнім желісінің негізін Dream Sock және BabySat киілетін мониторлары құрайды — баланың жүрек соғысы мен қандағы оттегі деңгейін нақты уақытта бақылау үшін баланың аяғына киілетін, балалар шұлығы түріндегі сымсыз смарт-мониторлар. Дамудың негізгі бағыты ақылы жазылымдық Owlet360 сервисіне айналып отыр, ол құрылғы сатылымын тұрақты түсімі бар модельге түрлендіреді.

Freedom Broker талдаушыларының пікірінше, негізгі нарратив пайда сапасына қарай ауысты. Олардың бағалауынша, мұны маржаның қатарынан екі тоқсанда кеңеюі және әр тоқсанда шамамен 15 мың таза пайдаланушыға тұрақты өсіп отырған жазылым базасы растайды.

Түсім шамамен 30% өсті

2026 жылдың II тоқсанында Owlet түсімі рекордтық $33,9 млн-ға жетті және жыл/жыл 29,9% өсті. Көрсеткіш Freedom Broker болжамынан $2,8 млн-ға жоғары болды. Алайда талдаушылар күнтізбелік әсерді ескеруге шақырады: жыл сайынғы Amazon Prime Day сатылымының 2025 жылғы III тоқсаннан 2026 жылғы II тоқсанға ауысуы нәтижені уақытша қолдады. Freedom Broker бағалауынша, түсімнің шамамен $2,2 млн артық бөлігі екінші жартыжылдықта теңгеріледі, әрі бұл соманың шамамен 75%-ы III тоқсанға тиесілі болады.

Сонымен қатар талдаушылар өсімнің неғұрлым тұрақты факторларын атап өтеді. Dream Sock сатылымы данамен есептегенде жыл/жыл өсті, ал Owlet АҚШ нарығындағы үлесін ұлғайтуды жалғастырды. Компания сұраныс құрылымының өзгерісінен де ұтады: Prime Day кезеңінде денсаулық мониторингі санат ішіндегі өсім көрсеткен жалғыз сегмент болды, ал дәстүрлі аудио және бейнемониторлар сатылымы төмендеді.

Халықаралық бизнес 214% өсуде

Ең жылдам бағыт халықаралық түсім болды: ол жыл/жыл 214% өсіп, талдаушылардың есебі бойынша шамамен $5,8 млн-ды, яғни жиынтық түсімнің шамамен 17%-ын құрады. Негізгі үлесті Солтүстік және Шығыс Еуропа — атап айтқанда, Чехия, Австрия және Германия қосты. Prime Day кезеңінде Еуропадағы сатылым көлемі жыл/жыл 100%-дан астам өсті.

Freedom Broker халықаралық жөнелтілімдер дистрибуция арналарына әзірге түпкі тұтынушыларға сатылымнан едәуір озып отырғанын атап өтеді. Сондықтан 214% өсімнің бір бөлігі тұрақты тұтынушылық сұранысты емес, арналарды бастапқы толтыруды көрсетуі мүмкін. Freedom Broker мынаны айқындайды: дистрибуция арналарына жөнелтілімдер (sell-in) әзірге түпкі тұтынушыларға нақты сатылымнан (sell-through) едәуір жоғары. Талдаушылар халықаралық түсім өсімі тек дистрибьюторлар қорын толықтыруды ғана емес, тұрақты тұтынушылық сұранысты да көрсететініне көз жеткізу үшін осы алшақтықтың қысқаруын күтеді 

Жазылым жеке драйверге айналуда

II тоқсандағы жазылымдық түсім рекордтық $3,2 млн-ға жетті, бұл өткен жылғы $0,9 млн-мен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Жазылушылар базасы 130 мың пайдаланушыға дейін өсті, ал ай сайынғы тұрақты түсім $1,1 млн-нан асты.

АҚШ-та Dream Sock құрылғысымен бірге Owlet360 қосылымдарының үлесі өткен тоқсандағы 34%-дан 36%-ға дейін артты. Бұл ретте жазылым бизнесінің жалпы маржасы 2026 жылғы I тоқсандағы 67,4%-ға қарсы 68,4%-ға жетті. Талдаушылардың бағалауынша, алдағы уақытта жазылым моделін ауқымдау бизнестің құнын едәуір арттыра алады, өйткені тұрақты түсімнің маржиналдылығы тартымдырақ.

Маржа бір реттік әсерсіз де өсіп жатыр

II тоқсандағы есептік жалпы маржа 64,4% болды, алайда бұл көрсеткішке баж салығының $3,5 млн қайтарымы кірді. Осы бір реттік әсерді есептемегенде жалпы маржа 54% болып, жыл/жыл 270 базистік пунктке өсті.

Freedom Broker жақсаруды жазылым үлесінің өсуімен, неғұрлым қолайлы өнімдік микспен және тұрақты шығындарды түсімнің үлкен көлеміне бөлуімен байланыстырады. Баж қайтарымын есептемегендегі түзетілген EBITDA $2,9 млн болып, талдаушылардың $2,7 млн бағалауынан жоғары шықты.

Amazon бәсекелестік ортаны өзгертуі мүмкін

Талдаушылар негізгі ықтимал катализаторлардың бірі ретінде Amazon-ның санат өнімдеріне қоятын жаңа талаптарын атайды. Жаңа талаптарға сай келмейтін бәсекелестердің қорларын распродажа кезеңі аяқталғаннан кейін, Owlet өзінің ең ірі сату арнасында денсаулық мониторингі бойынша қолжетімді жалғыз шешім болып қалуды көздейді.

Freedom Broker III тоқсанды өтпелі кезең ретінде қарастырады: бәсекелестер қорын распродажа жасауынан туындайтын баға қысымы сақталуы мүмкін. Сонымен бірге жаңа талаптар күшіне енгеннен кейін бәсекелестік құрылымның орнықты өзгеруі компанияны 2027–2028 жылдарға бағалау үшін неғұрлым маңызды драйверге айналуы ықтимал.

Жыл басындағы көрсеткіштер

2026 жылдың I тоқсанында Owlet түсімі $22,5 млн болып, жыл/жыл 6,4% өсті. Жазылымдық түсім рекордтық $2,7 млн-ға жетті, ал жалпы маржа өткен жылғы 53,7%-дан 54,5%-ға дейін көтерілді. Бұл ретте компанияның таза шығыны $3,3 млн болды (бір жыл бұрынғы $3,0 млн таза пайдаға қарсы), ал түзетілген EBITDA минус $1,5 млн болды (бір жыл бұрынғы нөлдік мәнге қарсы).

I тоқсан соңында Owlet360 115 мыңнан астам ақылы жазылушыны қамтыды. Компания сондай-ақ Owlet OnCall педиатриялық телемедицина сервисін іске қосты және стратегиялық мақсат ретінде — жылына шамамен 1 млн жаңа клиент тарту және отбасыларды кемінде екі жыл ұстап қалу — деп белгіледі. Ұзақ мерзімді перспективада менеджмент 1 млн-нан астам жазылушы базасын қалыптастыруды көздейді, бұл Owlet-тің құрылғы өндірушісінен тұрақты түсімі бар платформаға көшуін күшейтуі тиіс.

Жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Тұрақты».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!