Freedom Инвестициялар студенттерге арналған арнайы тарифті іске қосады

Фридом жаңалықтары

1 қыркүйек 2026, 10:00

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Freedom Инвестиции бастаушы инвесторларға арналған арнайы шарттары бар «Студенттік» тарифін іске қосады. Ол Қазақстан және халықаралық қор нарықтарында төмендетілген комиссияларды, сондай-ақ Freedom Academy білім беру бағдарламаларына тегін қолжетімділікті қарастырады.

Тариф шарттары туралы толығырақ – fbroker.kz/student парақшасында

Тарифті азаматтығына қарамастан кез келген елдің университеттерінде оқитын студенттер қоса алады. Клиенттің ең төменгі жасы – 18 жас.

Қосу үшін университетте оқып жатқанын растайтын қолданыстағы құжатпен студент мәртебесін растау және Freedom Finance Global PLC-те брокерлік шотқа ие болу қажет. Егер шот әлі болмаса, оны Freedom Broker қосымшасында онлайн ашуға болады.

Тариф қосылған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады. Инвестициялық портфельдің ең төменгі мөлшеріне қатысты шектеулер жоқ, сондықтан кез келген сомадан инвестициялауды бастауға болады.

Қор нарықтарындағы төмендетілген комиссиялар

KASE және AIX қазақстандық биржаларында тариф бойынша комиссия мәміле сомасының 0,07%-ын құрайды. Шарттар IPO-ға қатысуды қоса алғанда қолданылады.

NYSE, NASDAQ, LSE, Xetra және HKEX халықаралық алаңдарында комиссия мәміле сомасының 0,1%-ын құрайды, қосымша түрде бір бағалы қағаз үшін $0,012 және толық немесе ішінара орындалған бұйрық үшін $1,2 алынады.

ITS сауда алаңында комиссия мәміле сомасының 0,1%-ын құрайды, бірақ $0,01-ден кем емес, оған қоса бір бағалы қағаз үшін $0,012.

Опциондармен операциялар үшін мәміле үшін $10 және әрбір келісімшарт үшін $3 комиссия қарастырылған.

Freedom Academy-ден тегін оқу

Арнайы сауда шарттарымен бірге студенттер Freedom Academy-дің тегін білім беру бағдарламаларына қол жеткізеді.

Қолжетімді курстар қатарында:

• «Қаржылық check-up»;
• «Инвестор жолы»;
• «Қаржы негіздері»;
• «Техникалық талдау»;
• «Фундаменталды талдау basic»;
• «Опциондық сауданың әліппесі».

Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын PRO деңгейіндегі жаңа курстармен кеңейту жоспарланып отыр.

«Студенттік» тарифі студенттерге қор нарығында арнайы шарттармен алғашқы практикалық тәжірибе алуға және сонымен қатар инвестициялар мен жеке қаржыны басқару туралы базалық білім қалыптастыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

Тариф шарттары туралы толығырақ – fbroker.kz/student парақшасында. Білім беру бағдарламалары туралы ақпарат freedomacademy.kz сайтында қолжетімді.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!