АҚШ-та өткен аптада тіркелген ипотекалық несие алуға өтінімдер саны маусымдық түзетуді ескере отырып, алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеді, деп сәрсенбі күні Ипотекалық банкирлер қауымдастығы (MBA) хабарлады. Бұл ретте қайта қаржыландыру индексі 6,2%-ға төмендеді, деп мәлімдеді MBA. 30 жылдық ипотека бойынша орташа мөлшерлеме 6,79%-дан 6,85%-ға дейін өсті.
«Өткен аптада инвесторлардың инфляция және федералдық бюджет тапшылығы жөніндегі сақталып отырған алаңдаушылықтары аясында ипотекалық мөлшерлемелер көтерілді, — деді Ипотекалық банкирлер қауымдастығының вице-президенті және бас экономистің орынбасары Джоэл Кан. — Мөлшерлемелердің өсуі қайта қаржыландыруға өтінімдер санына елеулі әсер етіп отыр: олардың саны 2025 жылғы мамырдан бергі ең төмен деңгейге дейін қысқарды. Жоғары мөлшерлемелер мәмілеге дайын әлеуетті үй сатып алушыларды әлі де тежеп отыр, тіпті көптеген нарықтарда жылжымайтын мүлік ұсынысының көлемі артқанына қарамастан».