Freedom АҚШ қазынашылық облигациялар нарығын тұрақтандыратын факторды атады

Биржалық жаңалықтар

18 қыркүйек 2026, 14:13

Freedom Broker макроэкономисі Юрий Ичкитидзенің пікірінше, доллардың нығаюы шетелдік капиталдың келуін күшейтіп, АҚШ-тың ұзақ мерзімді қазынашылық облигацияларының кірістілігін тұрақтандыруы мүмкін. Валюталық табыстылық пен пайыздық мөлшерлемелердің неғұрлым тартымды үйлесімі шетелдік инвесторлардың АҚШ мемлекеттік қарызына сұранысын қолдай алады.

АҚШ қазынашылық облигациялары, немесе трежерис, мемлекет тарапынан бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Олардың кірістілігі бүкіл экономикадағы кредит құнына, соның ішінде корпоративтік қарыздар мен ипотекаға бағдар болады. Сұраныстың өсуі облигациялар бағасын көтеріп, тиісінше олардың кірістілігін шектейді.

Күшті доллар трежериске сұранысты қолдауы мүмкін

Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені 3,75–4% диапазонына дейін көтергеннен кейін доллар қосымша қолдау алды. Freedom Broker бағалауынша, америкалық валютаның нығаюы шетелдік инвесторлар үшін долларлық активтердің тартымдылығын арттыруы мүмкін.

Егер нарық қатысушылары доллар бағамының сақталуын немесе одан әрі өсуін күтсе, қазынашылық облигациялардан түсетін табыс әлеуетті валюталық пайдамен толықтырылады. Шетелдік капиталдың келуі трежериске сұранысты арттырып, ұзақ мерзімді шығарылымдар кірістілігінің күрт өсуінің алдын алуы мүмкін.

«ФРЖ мөлшерлемені көтеруден АҚШ ала алатын пайдалардың бірі — доллардың нығаюы. Ол сондай-ақ шетелдік капитал ағынының жандануына байланысты ұзақ мерзімді қазынашылық облигациялардың кірістілігін тұрақтандыруы мүмкін», — деді Ичкитидзе.

Инфляция мен мұнай негізгі факторлар болып қала береді

АҚШ мемлекеттік қарығы нарығының әрі қарайғы қозғалысы тек доллар бағамына ғана тәуелді болмайды. Freedom Broker екі негізгі бағдарды бөліп көрсетеді: инфляция бойынша деректер, оның ішінде мұнай бағасының динамикасы, және он жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі.

Аналитиктің күтуінше, қыркүйектен бастап тұтынушылық шығындардың базалық дефляторы PCE орта есеппен айына 0,22% өседі. Мұндай қарқын реттеушінің инфляциялық мақсатына жақын және өздігінен ақша-кредит саясатын ұзақ уақыт қатаңдату қажеттігін көрсетпейді.

Негізгі сыртқы тәуекел — мұнай. Мұнай дағдарысының сақталуы жалпы инфляцияны қолдап, инвесторларды ұзақ мерзімді облигациялардан жоғарырақ кірістілік талап етуге мәжбүр етуі мүмкін.

Нарық жоғары белгісіздікті ескереді

ФРЖ 2026 жылдың соңына дейін мөлшерлемені тағы бір рет көтеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сонымен қатар реттеуші қатысушыларының 2027 жылға қатысты пікірлері айтарлықтай алшақ: комитеттің 18 мүшесінің сегізі үшінші көтеруді мүмкін деп санайды, ал үшеуі екі рет төмендетуді болжайды.

Мұндай айырмашылық саясаттың әрі қарайғы траекториясы жөнінде тұрақты консенсустың жоқ екенін көрсетеді. Freedom Broker болашақ шешімдер алдын ала белгіленген ұзақ циклмен емес, түсіп жатқан деректермен айқындалады деп есептейді.

Осы жағдайда шетелдік капитал ағыны трежерис нарығын тұрақтандыратын фактор болуы мүмкін. Алайда оның әсері доллар бағамына, инфляциялық күтулерге және инвесторлар реттеушінің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қабілетіне деген сенімді сақтай ма, соған байланысты болады.

Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!