Boeing (NYSE: BA) Lockheed Martin-нен шамамен $14,7 млрд тұратын, жеті жылдық келісімшарт алды. Ол PAC-3 Missile Segment Enhancement (MSE) зымыран-ұстағыштарына арналған нысана көздеу бастиектерін өндіруді кеңейту және жеткізуге бағытталған. Бұл компоненттер нысаналарды анықтау, қадағалау және жоюға жауап береді.
PAC-3 MSE АҚШ-тың Patriot әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің құрамында қолданылады. Ұстағыштар баллистикалық және қанатты зымырандарды, сондай-ақ ұшақтарды жоюға арналған. Boeing оларға нысана көздеу бастиектерін жеткізеді.
Жаңа келісімшарт Boeing-ке осы компоненттердің өндірісін шамамен үш есеге арттыруға мүмкіндік береді. Компания АҚШ Қорғаныс министрлігімен бұрын жарияланған жеті жылдық базалық келісім жасалғаннан кейін қуаттылықты ұлғайтып, қызметкерлерді жалдауды бастап кеткен. Boeing сондай-ақ Алабама штатындағы Хантсвилл қаласында орналасқан нысана көздеу бастиектерін өндіретін кәсіпорынды кеңейтуге және өндірістік процестерді жаңғыртуға инвестиция салды.