Coca-Cola компаниясының 3-тоқсандағы нәтижелері күтілімнен асып түсті
Биржалық жаңалықтар
27 қазан 2026, 21:36
27 қазанда Coca-Cola (NYSE: KO) компаниясы 2026 жылдың 3-тоқсанында $4,01 млрд (акциясына 93 цент) көлемінде пайда алғанын хабарлады, бұл өткен жылғы $3,70 млрд (акциясына 86 цент) көрсеткішімен салыстырғанда жоғары.
Түзетілген пайда акциясына 91 цент болды. Есепті кезеңдегі түсім 7%-ға өсіп, $13,4 млрд-қа жетті. Акциясына 88 цент деңгейіндегі пайда және $12,92 млрд түсім күтілген болатын. Түсімнің органикалық өсімі 7% болды. Табиғи мәндегі сату көлемі (Global unit case volume) 5%-ға артты.
Coca-Cola жылдық органикалық түсім өсімі бойынша болжамын шамамен 5%-дан кемінде 5%-ға дейін, ал салыстырмалы акцияға шаққандағы пайда өсімі бойынша болжамын бұрынғы 9–10% ауқымынан кемінде 11%-ға дейін көтерді.