Freedom автожолдарды бақылайтын интеллектуалды жүйеге 112 млрд теңгеден астам инвестиция құяды

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

29 October 2026, 11:33

Freedom Holding Corp. өзінің еншілес компаниясы Freedom Lab арқылы Автожолдарды бақылайтын интеллектуалды жүйені (АЖБИЖ) салуға 112 млрд теңгеден астам инвестиция құяды. Тиісті келісімге Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі қол қойды.

Автожолдардың сапасы мемлекеттік күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі болып қала береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Сапалы жолдар мен заманауи жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса, Қазақстан жаһандық транзиттік дәліз немесе Еуразияның көлік-логистикалық хабы мәртебесіне үміткер бола алмайды», — деп атап өтті.

Жоба дәл осы міндетті шешуге бағытталған: жүйе автоматты өлшеу станцияларының (АӨС) негізінде жұмыс істейді. Олар көлік құралдарының салмағы мен габариттерін анықтап, деректерін тіркейді және осьтерге түсетін жүктемені бағалайды. Ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы бірыңғай жүйеге беріледі. Онда аналитикалық платформа деректерді тексеру мен сақтауды, талдауды және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен алмасуды қамтамасыз етеді. Компанияның атап өтуінше, жүйе тек деректерді ұсынады: құқық бұзушылық туралы шешім қабылдау және жаза қолдану мемлекеттік органдардың құзыретінде қалады.

Жоба авторларының айтуынша, қазіргі станцияларға қатысты негізгі мәселелердің бірі — объектілер мен оларды басқару жүйесінің бытыраңқылығы. Жоба аясында жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін бірыңғай оператор белгіленеді. Қолданыстағы 85 АӨС-ті түгендеу және жаңғырту жұмыстарынан кейін тағы 135 жаңа станция іске қосылады.

«Біз жүк көліктері қозғалысының шамамен 80%-ын қамтитын бірыңғай жүйе құрып жатырмыз. Бұл — бытыраңқы станциялардан өлшеу, деректерді тексеру және талдау процестерін біріктіретін тұтас жүйеге көшу. Біздің бағалауымызша, автожолдарға келетін залалды азайту есебінен мемлекет үшін экономикалық тиімділік шамамен 1 трлн теңгені құрайды», - деп хабарлады «Freedom Lab» ЖШС бас директоры Чингиз Кулахметов.

Станциялар мен жүйенің басқа да компоненттерінің жай-күйін бақылауды АЖБИЖ-дің ахуалдық орталығы қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ құқық бұзушылық фактісін растайтын дәлелдемелік материалдардың сапасына жауап береді. Жоба бірыңғай басқару жүйесін құруға, өлшеу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге және жүк ағынын талдауға мүмкіндік береді.

Чингиз Кулахметовтің айтуынша, жоба тікелей жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталмағанымен, оған оң әсерін тигізеді: тұрақты бақылау жүргізу және құқық бұзушылықтарды тіркеу жүргізушілердің қауіпті әрекеттерге бару ықтималдығын төмендетеді. Есептеулерге сәйкес, жобаны 10 жыл бойы іске асыру шамамен 400 жол-көлік оқиғасының, адам өліміне әкелетін 177 жағдайдың және 1 400-ден астам жарақат алу жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді.

Келісімге Шымкентте өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі Қазақстанның IX дөңгелек үстелі (Kazakhstan Global Investment Roundtable, KGIR) аясында қол қойылды. Іс-шараға 40-тан астам елден 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысты. Жиын барысында жалпы сомасы 4,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 22 құжатқа қол қойылды. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов озық технологияларды енгізу және жаңа өндіріс орындарын құру арқылы экономиканы сапалы жаңғыртудың ел үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!