Freedom: Disney-дің қарашадағы есебі опциондық идеяға катализатор болуы мүмкін
Биржалық жаңалықтар
30 қазан 2026, 13:10
Freedom талдаушылары The Walt Disney Company (DIS) акциясына қатысты салыстырмалы түрде қалыпты бағалауды 17 қарашадағы есептіліктің алдында колл-опцион сатып алудың дәлелі ретінде атап өтеді. 23 қазандағы №356 инвестициялық шолуда компанияның форвардтық P/E көрсеткіші шамамен 14–15x деңгейінде бағаланған. Құжатта көрсетілген $3,95 премия және $6,2 мақсат бойынша опциондық мәміленің күтілетін кірістілігі төрт–сегіз апта көкжиегінде 57% құрайды.

Disney-дің қайта бағалануына не түрткі болуы мүмкін
Disney медиа-бизнесті, стриминг платформаларын, спорт бағытын, тақырыптық парктер мен круиздерді біріктіреді. Freedom-тің жаңа жарияланымында негізгі назар есептілік алдындағы компанияның қайта бағалану мүмкіндігіне және 2027 қаржы жылына арналған пайда болжамдарына аударылған.
Форвардтық P/E акция бағасының бір акцияға шаққандағы күтілетін жылдық пайдадан қанша есе жоғары екенін көрсетеді. Талдаушылар 14–15x шамасындағы деңгейді жазылым сервистерінің табыстылығын арттыру перспективаларымен және Experiences сегментінің орнықты нәтижелерімен үйлесімде қарастырады.
Осы тезистің ең жақын тексерісі — 17 қарашадағы есеп. Келесі қаржы жылына қатысты пайданың нық бағдарлары инвестициялық идеяны қолдауы мүмкін, ал консервативті болжам оның негізгі тәуекелдерінің бірі болып қала береді.
Стриминг үшін пайдаланушыдан түсетін табыс маңызды
Шолуда сарапшылар Disney+ және Hulu жазылымдарының құнын көтергеннен кейін ARPU — пайдаланушыға шаққандағы орташа табыстың — ұлғаюын атап өтеді. Компания маржасын жақсарту үшін жоғары тарифтер жағдайында аудиторияны сақтап қалу қажет. Осылайша, талдаушылардың назары екі көрсеткіштің үйлесіміне шоғырланған: жазылушыдан түсетін табыс және клиенттік базаның тұрақтылығы. Бағаны көтергеннен кейін пайдаланушылардың ықтимал кетуі тәуекелдер тізіміне енгізілген. Екінші дәлел — ойын-сауық парктері мен круиздер есебінен Experiences сегментінің түсімі мен операциялық пайдасының тұрақты өсуі.
Шолуда $3,95 премия көрсетілген
Бұған дейін жарияланған материалда колл-опционға кіру құны $4,50 болып, мақсат $6,20 және күтілетін кірістілік шамамен 37,8% еді. №356 шолуда сол мақсат $6,2 болған жағдайда премия $3,95 ретінде келтірілген. Осы параметрлер бойынша күтілетін пайда стандартты контракт үшін $225, ал кірістілік — 57%.
Контракт шарттары өзгеріссіз: орындау бағасы $115, экспирация 18 желтоқсан 2026 жыл, белгіленуі — +DIS.18DEC2026.C115. Ұстап тұрудың болжамды мерзімі — шамамен төрт–сегіз апта. $3,95 премия — шолудағы мәміле параметрі, ал ағымдағы нарықтық котировканың расталған мәні емес. $6,2 мақсаты опционның құнына қатысты.
Қанша жоғалтуыңыз мүмкін
100 акцияға сәйкес келетін бір стандартты контрактты аталған премия бойынша сатып алу үшін $395 қажет. Бұл — сатып алушының ең жоғары ықтимал шығыны. Экспирация күні безубыточностың нүктесі Disney акциясы үшін бір акцияға $118,95 деңгейінде болады. Егер қағаз бағасы $115-тен жоғары болмаса, сатып алушы бүкіл премиядан айырылады. $115 пен $118,95 аралығындағы бағада шығын ішінара болады. $118,95-тен жоғары болса, позиция пайда әкеледі. Бұл деңгейлер экспирацияға дейін ұстап тұрғандағы нәтижені сипаттайды. Инвестициялық идея премия бойынша мақсатқа жеткен жағдайда опционды ертерек сатуды да қарастырады.
Freedom сценарийін не бұзуы мүмкін
Жазылушылардың кетуінен бөлек, талдаушылар жарнама нарығындағы қолайсыз жағдайды, ESPN шығындарының өсуін, әлсіз есептілікті және басшылықтың сақ болжамдарын атап өтеді. Колл-опцион акциялардың өсуіне қатысуға мүмкіндік береді және шығынды премия мөлшерімен шектейді, алайда оның белгіленген әрекет ету мерзімі бар. Сондықтан бұл мәміле үшін котировкалардың қозғалыс бағыты да, сценарийдің іске асу уақыты да маңызды.
Жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.