OPay акцияларын бастапқы орналастыруды болдырмау: кері мәмілелер және комиссияны қайтару
Фридом жаңалықтары
3 ноября 2026, 14:20
OPay Limited компаниясы (NYSE: OPAY) 2026 жылғы 30 қазанда бұған дейін жарияланған акцияларды бастапқы жария орналастыруды өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 29 қазанда жасалған андеррайтинг туралы шарт эмитент пен андеррайтерлердің өзара келісімі бойынша бұзылды.
Клиенттердің ITS сауда алаңында OPAY акцияларымен жасаған мәмілелері 2026 жылғы 2 қарашада кері мәмілелер арқылы жабылды. Аталған мәмілелер бойынша төленген комиссия мәмілелерге қатысқан клиенттердің брокерлік шоттарына 2026 жылғы 3 қарашадан кешіктірілмей қайтарылады. Мәмілелер бойынша қорытынды нәтиже клиенттердің шоттары бойынша есептерде көрсетілген.
Орналастырудың күшін жоюға қатысты сұрақтар бойынша дербес менеджеріңізге немесе Freedom Инвестициялар қолдау қызметіне хабарласа аласыз.