2026 ж. 12 қараша, Алматы
2027 қаржы жылының екінші тоқсанында (2026 жылғы 1 шілде – 30 қыркүйек) Freedom Finance Global 21,6 мыңнан астам жаңа брокерлік шот ашты, ал клиенттердің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерінің көлемі шамамен 13 млн-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша белсенді шоттардың жалпы саны 353,1 мыңнан асты.
Қаржылық нәтижелері
Freedom Finance Global 2027 қаржы жылының екінші тоқсанын операциялық көлемнің сенімді өсуімен және капитал базасының нығаюымен аяқтады. Есепті кезеңдегі жиынтық кіріс былтырғы сәйкес кезеңдегі 137,2 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 195,5 млн АҚШ долларына жетті. 42,5%-ға өскені брокерлік бизнестің кеңейгенін көрсетеді.
Таза пайда былтырғы сәйкес кезеңдегі 40 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 91,2 млн АҚШ долларын құрады. 127,8%-ға өсу маржалық операциялар бойынша комиссиялық кірістің артуына және меншікті портфель бойынша сауда операциялары көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
2026 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша компанияның активтері 400,6 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы тоқсандағы 278,5 млн АҚШ долларымен салыстырғанда өсті.
Меншікті капитал тоқсан ішінде 115,6 млн АҚШ долларына (54,6%-дан астам) өсіп, 327,2 млн АҚШ долларына жетті. Бұған есепті кезеңдегі пайда ықпал етті. Капиталдың өсуі біржолғы факторға емес, есепті кезеңдегі пайда мен операциялық нәтижеге негізделген. Бұл пайданың сапасын растайды.
Тоқсанның басты жаңалықтары
Тоқсанның маңызды жаңалықтарының бірі — компания бизнесінің халықаралық деңгейдегі орнықтылығының расталуы. S&P Global Ratings Freedom Finance Global компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бойынша болжамын «тұрақты» деңгейден «оң» деңгейге өзгертті. Рейтинг деңгейі — «BB-/B». Болжамның қайта қаралуы компанияның даму перспективалары мен қаржылық орнықтылығына берілген оң бағаны көрсетеді.
Нарықтағы позициясының нығаюымен қатар, компания маркет-мейкер ретіндегі рөлін де күшейтуде. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Freedom Инвестиции Қазақстан қор биржасында (KASE) 472 бағалы қағаз атауы, Astana International Exchange (AIX) биржасында 91 бағалы қағаз атауы және ITS алаңында 2 838 бағалы қағаз атауы бойынша өтімділікті қолдап отыр.
Осымен қатар компания клиенттерге арналған сервистерін дамытуды жалғастырды. Жаңалықтардың бірі — Freedom Инвестиции қолданбасындағы брокерлік шотты автоматты түрде толықтыру функциясы. Енді клиенттер банктік картадан тікелей қолданбада немесе веб-платформада тұрақты аударымдарды баптай алады. Бұл инвестициялау процесін ыңғайлы әрі жүйелі етуге мүмкіндік береді.
Қолжетімді инвестициялық шешімдер аясын кеңейту жұмысының жалғасы ретінде Қазақстан мен басқа елдердің жоғары оқу орындарында білім алатын студенттерге арналған «Студент» тарифі іске қосылды. Ол азайтылған комиссияны ұсынып, жас инвесторларға қор нарығының құралдарын меңгеруге және оқумен қатар инвестициялауда практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді..
Компанияның есепті тоқсандағы қызметі компанияға салалық деңгейде де мойындалды: Freedom Finance Global Еуразиялық қор биржалары федерациясының (FEAS) 2026 жылғы Champions League Award марапатында «Тұрақты кіріс нарығы» санаты бойынша күміс жүлдеге ие болды. Бұл марапат федерацияға мүше елдердің нарық қатысушыларына қор және облигациялар нарығындағы қызметінің нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша беріледі. Марапат компанияның борыш құралдары сегментіндегі нәтижелерін және капитал нарығын дамытуға қосқан үлесін мойындау болды.
Анықтама:
Freedom Finance Global PLC
Freedom Finance Global PLC – Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес ұйымы. Компания бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызметтер көрсетеді. Компанияның қызметі ағылшын құқығының қағидаттарымен реттеледі. Freedom Finance Global PLC арқылы клиенттер NYSE, NASDAQ, LSE, Xetra, HKEX халықаралық биржаларына, сондай-ақ Қазақстанның KASE, AIX биржаларына және ITS сауда алаңына шыға алады.
Толығырақ: www.fbroker.kz
БАҚ үшін байланыс деректері: