Freedom Holding Corp. акциялары Binance Futures платформасында жаңа мерзімсіз келісімшарттың негізіне айналды

Freedom Holding Corp. жаңалықтары

13 қараша 2026, 15:14

2026 жылғы 13 қараша, Астана

Дәстүрлі қор нарығы мен цифрлық сауда инфрақұрылымы бір-біріне жақындай түсуде: Binance Futures платформасында Freedom Holding Corp. акцияларына негізделген FRHCUSDT мерзімсіз келісімшарты бойынша сауда-саттық басталды. Бұл — Қазақстаннан басқарылатын жария компания үшін осындай алғашқы жағдай. 

USDT-пен маржаланатын және есеп айырысуы USDT-пен жүргізілетін жаңа келісімшарт бойынша сауда-саттық 12 қарашада UTC уақытымен 09:45-те (Астана уақытымен 14:45-те) басталды. Келісімшарт Nasdaq биржасында FRHC тикерімен саудаланатын Freedom Holding Corp. жай акцияларының бағасына байланысты.

Енді Binance Futures пайдаланушылары Freedom акцияларын сатып алмай-ақ, олардың бағасының өзгеруіне байланысты сауда жасай алады. 

FRHCUSDT — жарамдылық мерзімі белгіленбеген мерзімсіз туынды келісімшарт. Сауда-саттық тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді, кредиттік иық мөлшері 20x-ке дейін. Қызметтің қолжетімділігі мен параметрлері пайдаланушының орналасқан өңіріне және Binance шарттарына байланысты. 

Binance Futures деректеріне сәйкес, FRHCUSDT мерзімсіз фьючерстік келісімшарты бойынша сауда-саттық басталғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта сауда айналымы шамамен 631 мың USDT-ты (шамамен 631 мың АҚШ долларын), ал сауда көлемі FRHC базалық активінің шамамен 3,9 мың бірлігін құрады.

Freedom Holding Corp. актив эмитенті ретінде бұл келісімшарт арқылы өз акцияларының бағасын цифрлық платформалардың пайдаланушыларына қолжетімді етудің тағы бір арнасына ие болды. Ал Binance үшін бұл іске қосылым TradFi бағытын кеңейтіп, дәстүрлі актив бағасының өзгерісіне цифрлық платформа мүмкіндіктері арқылы қол жеткізуге жол ашады.

Сергей Лукьянов, «Freedom Finance Global PLC» ЖК Директорлар кеңесінің төрағасы:

«Дәстүрлі және цифрлық нарықтар жақындап, бұл инвесторлардың қаржы құралдарын қолдану тәсілін өзгертуде. Freedom үшін бұл сыртқы тренд емес, жұмысымыздың бір бөлігі. Binance платформасында FRHCUSDT келісімшартының іске қосылуы холдингті жаһандық алаңдарда бақылап отыратын аудитория аясын кеңейтеді. Біз мұны жұмысымыздың жалғасы деп санаймыз және бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін нарықтарды қолжетімді ететін форматтарды дамытуды жалғастырамыз».

Нурхат Кушимов, Binance Kazakhstan-ның бас менеджері:

«TradFi бағытын дамыту — Binance платформасының эволюциясындағы және дәстүрлі қаржы нарықтарын цифрлық экономикамен жақындастыруға бағытталған жұмысымыздағы маңызды бөлік. Қазақстан үшін жергілікті жария компанияның халықаралық цифрлық платформаның инфрақұрылымы арқылы жаһандық аудиторияға өз акцияларының бағасының өзгерісіне байланысты сауда жасау мүмкіндігін ұсынуы ерекше маңызды. FRHCUSDT келісімшартының іске қосылуы — Binance-тың дәстүрлі қаржы активтерімен сауда жасау мүмкіндіктерін кеңейтіп, дәстүрлі және цифрлық нарықтардың өзара байланысына жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанының айқын мысалы».

FRHCUSDT — базалық актив бағасының өзгерісіне байланысты сауда жасауға мүмкіндік беретін туынды қаржы құралы. Ол акцияларды сатып алуды немесе оларға иелік етуді білдірмейді. Келісімшартты Binance ұсынады. Freedom Holding Corp. — акциялардың эмитенті, бірақ келісімшарттың эмитенті емес. Өнімнің қолжетімділігі пайдаланушының юрисдикциясына және қолданыстағы шектеулерге байланысты

 

Freedom Holding Corp. туралы

Freedom Holding Corp. — қаржылық қызметтер көрсетумен, телекоммуникациямен, ұшақ және мәдени-спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын, онлайн-супермаркет қызметтерін және басқа да бағыттар ұсынатын әртараптандырылған компания.  Еншілес компанияларын қоса алғанда, Freedom Holding Corp. компаниясында 13,4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Армения, Өзбекстан, Еуропалық одақ елдерін қоса алғанда, 27 елде орналасқан.  Freedom Holding Corp. жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market алаңында FRHC тикерімен саудаланады.

Binance туралы

Binance — блокчейн мен жасанды интеллектті біріктіретін, қаржылық қызметтерді жылдам, қолжетімді әрі үнемді етуге бағытталған жаңа буынның жаһандық қаржы платформасы. 100-ден астам елдегі 330 миллионнан астам пайдаланушы цифрлық активтермен және дәстүрлі қаржы нарықтарымен бір платформада жұмыс істеу үшін Binance-ты пайдаланады. Бұл оларға жаһандық нарықтарға шығуға, жоғары өтімділікті пайдалануға және шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Binance экожүйесі негізгі бағыттардан бөлек білім беру, зерттеу, институционалдық клиенттерге арналған шешімдер, әлеуметтік бастамалар және Web3 бағыттарын да қамтиды. Қауіпсіздік, тәуекелді басқару және нормативтік талаптарды сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Binance бүкіл әлемдегі адамдардың өз қаражатын еркін басқару мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады. Толығырақ: https://www.binance.com

 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

(+7 727 3557555 – қосымша)

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!