Сейсенбі күні Microsoft пен Intel корпорациялары ұзақмерзімді келісім аясындағы серіктестікті кеңейтетінін жариялады. Бұл келісім Azure платформасында бұлттық есептеулер мен жасанды интеллектке арналған инфрақұрылымға клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. 2024 ж. Microsoft Intel 18A технологиялық процесін пайдалана отырып чип өндіру жоспарлары туралы хабарлаған болатын.
Microsoft (NASDAQ: MSFT) Azure үшін арналған өз процесоры үшін Intel Foundry бөлімшесінің EMIB чиптерді қаптау технологиясын пайдалануға ниет білдірген алғашқы компания болды. Бұдан бөлек, компания келесі буын чиптерін қоса алғанда, Diamond Rapids код атауымен белгілі, Intel Xeon процессорларын көпжылдық жеткізіліммен қамтамасыз етті. Тараптар жадты пайдаланудың тиімділігін арттыру және аса маңызды жұмыс жүктемелерін қорғау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
«Біздің клиенттерімізге өздері үшін ең маңызды жұмыс міндеттері ескеріліп құрылған инфрақұрылым қажет», — деп атап өтті баспасөз хабарламасында Microsoft компаниясының Azure жүйелері мен архитектурасы бойынша корпоративтік вице-президенті Саурабх Дигхе.