АҚШ-тың 20 ірі қаласы бойынша есептелетін S&P CoreLogic Case-Shille тұрғын үй бағаларының жиынтық индексі қыркүйекте жылдық мәнде 2,6%-ға өсті, ал алдыңғы айда 2,7% болған. Индекстің 2,7%-ға өсуі болжанған еді. Жалпыұлттық индекс жыл ішінде 2,1%-ға өсті.
«Номиналды тұрғын үй бағалары орнықты болып қалуда, алайда инфляция тұрғын үй секторындағы номиналды және нақты кірістілік арасындағы алшақтықты қайтадан ұлғайтып отыр. Қыркүйекте тұтыну бағалары жылдық мәнде 3,7%-ға өсті — бұл көрсеткіш тамыздағы 3,4%-бен салыстырғанда жеделдеді. Осылайша, АҚШ-та тұрғын үй бағалары нақты мәнде қатарынан 16-шы ай бойы төмендеп келеді», — деп атап өтті S&P Dow Jones Indices-тағы шикізат тауарлары жөніндегі директордың орынбасары Ребекка Кауфман.