Дәстүрлі акциялар жаңа форматта: Binance bStocks желісінде Freedom акцияларының іске қосылатынын жариялады

Фридом жаңалықтары

25 қараша 2026, 14:07

Астана, 25 қараша — Binance, жетекші жаһандық блокчейн-экожүйе әрі сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы, Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) токенизацияланған акцияларының bStocks желісінде жаңа құралдың іске қосылғанын жариялайды. 

bStocks желісінде FRHC-ті іске қосу Binance пайдаланушыларына Қазақстанда ұсынылған ең ірі халықаралық қаржы-технологиялық топтардың бірінің акцияларымен байланысты жаңа құралға қолжетімділік ашады. Енді Freedom акцияларының құнындағы өзгерістерді бақылап, олардың токенизацияланған нұсқасымен дәстүрлі брокерлік қызметтерге жүгінбей-ақ, тікелей криптовалюта платформасында сауда жасауға болады. 

Құралдың негізінде 1:1 қамтамасыз ету қағидаты жатыр: әрбір FRHCB токені Freedom Holding Corp. бір нақты акциясына сәйкес келеді. Токеннің құны компания акцияларының Nasdaq-тағы нарықтық бағасын қайталайды. Осылайша, пайдаланушылар цифрлық құрал арқылы акциялар құнының өзгеруіне қатыса алады: олардың өсуінен әлеуетті түрде пайда тауып, баға төмендеуінің тәуекелдерін өз мойнына ала алады. 

Мұндай форматтың басты ерекшелігі — ол қор және криптовалюта нарықтарын біріктіреді. Пайдаланушылар цифрлық активтердің үйреншікті экожүйесінде қала отырып, дәстүрлі бағалы қағаздармен байланысты құралдар есебінен өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейте алады. Binance-ты бұрыннан пайдаланып жүргендер үшін бұл — портфелін әртараптандырудың және жария компаниялар құнының динамикасына қолжетімділік алудың қосымша тәсілі. 

Binance-та FRHCB токенизацияланған акцияларымен сауда 2026 жылғы 25 қарашада Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Құрал 24/7 режимінде қолжетімді болады, бұл пайдаланушыларға дәстүрлі қор биржаларының жұмыс кестесіне қарамастан, өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта сауда жасауға мүмкіндік береді. 

«Біз жаһандық қаржы технологияларының Қазақстанға қалай келіп жатқаны туралы жиі айтатынбыз, ал бүгін кері үдерісті де көріп отырмыз. Қазақстаннан шыққан компаниялар халықаралық нарықтарға шығып, өз экожүйелерін дамытып, жаңа қаржы құралдарының бір бөлігіне айналуда. Менің ойымша, бұл елдің қаржы секторы қаншалықты алға жылжығанының маңызды көрсеткіші. Әсіресе дәстүрлі қаржы мен криптоиндустрия арасындағы шекаралардың біртіндеп жойылып бара жатқанын бақылау қызықты. Алдағы жылдары Қазақстанда нақты және қаржылық активтерді токенизациялаудың әлдеқайда көп мысалын көретінімізге сенімдімін, олар пайдаланушыларға да, жергілікті экономикаға да пайда әкеледі», — деп атап өтті Binance-тың Орталық Азия мен Африкадағы өңірлік басшысы Кирилл Хомяков. 

Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы: 

«Инвесторлардың халықаралық активтерге қызығушылығы артып келеді, бірақ шетелдік алаңдарға қолжетімділік әлі де оңай емес және бәріне бірдей сәйкес келе бермейді. FRHCB осы сұранысқа жауап береді және жария компания акцияларына үйреншікті платформада экспозиция алуға мүмкіндік береді. Токен инвестициялаудың басқа тәсілдерін алмастырмайды, керісінше оларды толықтырады, ал әрбір инвестор өз міндеттеріне сай форматты таңдайды. 27 елде қатысуы бар топ ретінде Freedom үшін жаңа қаржылық форматтардың біздің нарықтарымыздағы инвесторлардың нақты қажеттіліктеріне жауап беруі маңызды». 

FRHCB-ті іске қосу Binance-тағы bStocks желісін кеңейту жолындағы кезекті қадам болады, бұл желі жария компаниялардың токенизацияланған акцияларын және биржалық инвестициялық қорларды (ETF) біріктіреді. Токенизацияланған акциялар нарығы басқарудағы активтердің (AUM) рекордтық көлеміне — $4,8 млрд-қа жетті. Бұл ретте bStocks осы сегменттегі ең ірі эмитентке айналды: өнім іске қосылғаннан кейін небәрі 145 күннен соң, қарашаның басында басқарудағы активтер $1,5 млрд межесінен асты. 

Өнімнің сұранысқа ие екенін сауда белсенділігі де растайды: Binance Research деректері бойынша bStocks сауда көлемінің 56%-ы АҚШ биржаларының негізгі сессиясынан тыс уақытқа тиесілі, ал іске қосылған сәттен бергі сауда көлемінің шамамен 70%-ын дамушы нарықтардың пайдаланушылары қамтамасыз етті. 

Барлық bStocks токендері реттелетін кастодианда сақталатын нақты акциялармен немесе ETF-пен 1:1 қатынасында қамтамасыз етілген. Қамтамасыз етілуін Binance-тың Proof of Collateral ресми бетінде тексеруге болады, онда деректер күн сайын жаңартылады. 

 

Binance туралы 

Binance — криптовалюталық инфрақұрылымның әлемдегі жетекші жеткізушісі, оның қаржы өнімдерінің жиынтығына цифрлық активтермен сауда жасау бойынша көлемі жағынан ең ірі биржа кіреді. Әлем бойынша миллиондаған адам сенім артқан Binance платформасы пайдаланушылар үшін ақша бостандығын арттыруға арналған және криптовалюта өнімдері мен ұсыныстарының теңдессіз портфелін ұсынады, оның ішінде сауда және қаржы, білім беру, деректер мен зерттеулер, қайырымдылық, инвестициялар мен инкубация, орталықсыздандыру және басқалар бар. 

Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://www.binance.com 

 
Freedom Holding Corp. туралы 
Freedom Holding Corp. — қаржы қызметтерін көрсететін, телекоммуникациямен, авиабилеттер мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын, онлайн-супермаркет қызметтерін және басқа да көптеген қызметтерді ұсынатын диверсификацияланған компания. Еншілес компанияларды ескергенде, Freedom Holding Corp. компаниясында 13,4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстанды, АҚШ-ты, Кипрді, Арменияны, Өзбекстанды, Еуропалық Одақ елдерін және басқа да елдерді қоса алғанда, 27 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. жай акциялары АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады. 

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 16-ғимарат, кіріктірілген тұрғын емес №2 үй-жай (Talan Towers Offices)

+7 7172 67 77 55  - Қазақстанның қалалық нөмірлерінен тегін, халықаралық және ұялы телефондардан - қоңырау ақылы

7555  - Қазақстанның мобильді операторларынан тегін [email protected], [email protected]

Алаяқтық әрекеттер немесе осы ресурстың қорғалу мәселелері туралы хабарлау: fbroker.kz/trustcenter

Бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына иелік ету әрдайым тәуекелдермен келеді: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Бұрынғы инвестициялау нәтижелері болашақта кіріс алуға кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, компания болашақта салымдардың кірістілігіне кепілдік бермейді және уәде бермейді, мүмкін инвестициялардың сенімділігіне және мүмкін кірістер мөлшерінің тұрақтылығына кепілдік бермейді

«Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы Қазақстан Республикасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (әрі қарай мәтін бойынша-АХҚО) аумағында бағалы қағаздар нарығында брокерлік (агенттік) қызмет көрсетеді. Компания АХҚО қолданыстағы заңнамасының талаптарын, шарттарын, шектеулерін және/немесе нұсқаулықтарын сақтаған кезде, No. AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясына сәйкес қызметтің келесі реттелетін түрлерін жүзеге асыруға уәкілетті: принципал ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, агент ретінде инвестициялармен жасалатын мәмілелер, инвестицияларды басқару, инвестициялар бойынша консультация ұсыну және инвестициялармен жасалатын мәмілелерді ұйымдастыру.

S&P Global рейтингтері – «BB-», болжамы «Оң».

Бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына иелік ету үнемі тәуекелмен байланысты: бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Кешегі күні салған инвестицияның нәтижесі болашақта кіріс алып келетініне кепілдік бермейді. Заңнамаға сәйкес, Компания салған қаражатыңыздың болашақта кіріс алып келетініне кепілдік және уәде бермейді, ықтимал инвестициялардың сенімділігіне және ықтимал кіріс мөлшерінің тұрақтылғына кепілдік бермейді.

Веб-сайттағы ақпарат деректердің өзектілігін сақтауға және ақпаратты ашуды реттеу талаптарын орындауға бағытталған. Өтінеміз, осы жаңартулар тек ақпараттық сипатта екенін және маркетингтік материалдар емес екенін ескеріңіз!